Сайтќа ену

 

 

 

 

 

    Оќулыќтар

 

 

 

 

   

      Интернетке орналастыру  

 

 

    Оќулыќ-баєдарламалар

 

 

 

   Матфизика есептерініѕ шешімдері

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8(775) 961 2985

Представлены следующее работы :

1. Информатика
2. Высшая математика
3. MasterWord
5. Редактор нового типа

В учебнике Информатика изучаются программы на казахском и русском языках Delphi, Бейсик и элементы Интернетных программм. Для обучения их в начале достаточно иметь при себе один из версии программы Delphi. Его из интернете можно скопировать. Учебник для самостоятельного обучения. Не требует специального знания.

Высшее математика также да двух языках. В отличие от классической математики здесь уделено большое внимание на программирования. Все темы рассмативается через призму програмирования. Нынешнее время требует знание программирования, так как вся наша повседневная жизнь зависит от программирования. С помощью этого учебника вы познакомитесь спецификой современного программирования.

MasterWord - программа делает переводы на трех языках: казахский, русский и англиский. Это начальная версия.

Редактор нового типа. В отличие от других редакторов в составе редактора присутствует таблица Excel. Редактор очень компактный и работает очень надежно. Если кто-то требует другого интерфейса, мы это можем делать

Кроме MasterWord каждая программа стоит 10 000 тенге или 20 $.

Оплатить можно на карту N 4402 5735 9668 0209

 

Сайт тақырыбын оқығанда әркімде  “бұлардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін  дегендей” ой тууы мүмкін. Әрине қазіргі дамыған информатика әлемінің әу басында математика тұрғаны және оның қазіргі құрамында да математиканың белсенді жұмыс атқаратындығы кімге болса да аян. Есептеу математикасынсыз информатика әлемі мүлдем дамымай қалған болар еді. Оның әдістерін меңгеру, жетілдіру арқылы қазіргі заманның компьютерлік техникасы мен бағдарламалары пайда болды. Ал математикалық физика теңдеулеріне келетін болсақ, бұл бөлім бүкіл математика бөлімдерінің дамуына серпін беретін математиканың ең үлкен бөліміне жатады. Солай болса да математиканың бұл бөлімінде әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер көп. Мысалы, Лаплас теңдеуінің, көп өшемді толқын теңдеулерінің, Навье-Стокс теңдеулер жүйесінің, Максвель теңдеулер жүйесінің шешімдері әлі күнге дейін табылған жоқ. Есептеу машинасымен шығарылған немесе әлдебір әдіспен жасалған ұсақ-түйек бірдеңелер бар. Бірақ олар көңілдегідей емес. Осы сайта осы аталған есептердің шешімдері көрсетіледі. Бұл айтқандарға қоса осы заманғы интернеттік бағдарламалар туралы сөз болады. Соңғы тақырып мектеп оқушылары мен студентерге, әрбір жас адамды осы заманғы интернет бағдарламаларымен таныстыруды көздейді. Қысқаша айтқанда, автор бұл тақырыптарды бөле жарудың жөні жоқ деп есептейді. Екі тақырып та автордың айналысқан дүниелері. Сондықтан сайтта осы екі тақырып бойынша сөз болады. Интернеттік бағдарламалар мен математикалық теңдеулерге қатысты мұндағы жазылған дүниелер  коммерциялық жұмысқа жатпайды. Бұларды әркім өз қалауынша толық пайдалануына болады. Интернеттік бағдарламаларды оқып үйренгісі келген орысша оқитын адамдар үшін www.zvires.com және www.htmlbook сайттары бойынша дайындалуды ұсынамын. 

 

                                                      HTML тілі

 

Интернеттік бағдарламалардың негізін HTML тілі құрайды. Бұл тілсіз Интернеттегі бірде бір сайт жұмыс істемейді. Кімде-кім Интернет жұмысын терең түсінгісі келсе, әсіресе өзіне сайт жасағысы келгендер, жұмысты әуелі осы HTML тілден бастау керек болады. Қазіргі кезде программа жасаудың аса көптеген тілдері бар. Сол тілдердің ішіндегі ең жеңілі - HTML тілі деп атауға болады. Мұны талаптанған әрбір адам өз бетімен меңгере алады, тіпті қарапайым өз сайтын өзі жасай алады. HTML тілін мәтіндерге арнайы белгілеулер қоятын тіл деп те атауға болады. Бұл белгілерді браузер деп аталатын арнайы бағадарлама оқып, мәтіндерді оқушыға көрнекі түрде ұсынады. Браузер дегеніміз мәтіндік белгілеулерді оқып және оны оқушыға әдемілеп өңдеп ұсынатын арнайы бағдарлама. Қазіргі кезде мұндай браузерлердің де біраз түрлері көп. Олардың алғашқы түрлеріне жататындар: Internet Explorer, Opera, FireBox, тағы басқалар.

Біз Internet Explorer бараузерін, Блокнот пен Word бағдарламаларын пайдаланамыз. Алғашқы кезде HTML тілінің негізін терең түсіну үшін Блокнот бағдарламасын пайдаланған дұрыс болады.    

 

                                                     CSS стилі

 CSS (Стилдердің каскадты кестесі) – бұл HTML тілін одан әрі толықтырады. HTML тілі мен CSS интернеттік бағдарламалардың негізін құрайды. CSS арқылы веб-сайттар құру автоматтандырылады, жұмыс жеңілденеді. Бір ғана стилдер кестесі арқылы аса көп беттер оңай басқарылады, сондай-ақ мұнда әдемі менюлер, әртүрлі эффектер, қимыл-қозғалыстар құруға болады. Біз CSS  туралы айтқанда ең қарапайым сұрақтарды ғана қозғайтын боламыз. Кімде-кім бұл турасында тереңдеп оқығысы келсе, Майкрософт корпорациясының, Borland, Google компаниясының жұмыстарынан және басқа да көптеген сайттардан бар қажеттілікті табасыз. Бірақ мынау есте болуы керек: HTML тілін меңгерген соң ғана  CSS қолға алу керек.

 

Microsoft FrontPage бағдарламасы

 

Бұл бағдарлама сайт құру үшін қолданылады. Әуелі құрылатын сайт үшін қалта ашыңыз. Оны Менің құжаттарым немесе C, D дискілерінің біріне орналастырыңыз. Бұл бағдарламаның біз орысша нұсқасын пайдаланамыз.

Сайт құру үшін өзіңіз әуелі сайттың Сізге не үшін қажет екенін білу керек. Сайттың түрлері де өте көп. Біреулер  үшін сайт өз товарларын жарнамалау үшін қажет. Ал кейбір сайттар кәдімгі газет қызметін атқарады. Одан адамдар күнделікті ақпаратты біліп отырады. Ал көпшілік адамдар сайт жасауды меңгеріп алып, басқа адамдарға, ұйымдарға ақылы сайт жасау үшін осы технологияны меңгереді. Оларды өз жұмысының жетік маманы деп атауға болады. Құрғалы отырған осы сайт, аты айтып тұрғандай,   ғылым мен білімге арналған. Мұндағы Интернеттік бағдарламалар қазіргі заманғы интернеттік бағдарламалардың ең қарапайым түрлерімен оқушыны таныстыруға арналған. Ал математика физика теңдеулері бөлімі осы уақытқа дейін шешімін таппаған теңдеулерді шешуге арналған. Бұл бөлім математиканы терең түсінетін және онымен түпкілікі айналысқысы келетін адамдарға арналған. Екінші бір мәселе сайт құрудан Сіз қандай пайда табасыз, осыны да анықтау қажет болады. Осы шарттар Сізді қанағаттандырған жағдайда ғана өз сайтыңызды құруға немесе басқа біреулерге сайт жасап беруіңізге болады.  Сайт құру HTML тілін оқудан басталады. Алғашқы кезде HTML тілді жақсы түсіну үшін блокнотты пайдаланған дұрыс болады. Одан кейін сайт құруды жеңілдететін және сайтты әрлендіретін  CSS (Стилдердің каскадты кестесі) тілімен танысуға тура келеді. Осыдан кейін  FrontPage бағдарламасы арқылы өз сайтыңызды өзіңіз құра аласыз. FrontPage бағдарламасына біз арнайы бөлімде кеңірек тоқталамыз.

 

                               Математикалық физика теңдеулері

 

Математикалық физика теңдеулері бойынша бірнеше ғасырлар өтсе де толық шешілмеген немесе мүлдем шешілмеген есептердің шешімдері берілді. Бұл есептерді шешуге автор жаңа әдіс ұсынады. Осы әдіс ақылы матфизика теңдеулері мен теңдеулер жүйесі толық шешімін табады. Мысалы, Навье-Стокс теңдеулер жүйесі толық шешілді. Нәтижесі өткен жылы Америкада жарияланған «Задачи тысячалетие» конкурсына ұсынылды. Жалпы мұнда шешім табу қиын деп есептелетін көптеген есептердің шешімдері берілді.    

 

Өзіңіз құрыңыз өз сайтыңызды

Бұл бөлімдегі материалдарды оқу арқылы қаласаңыз, өз сайтыңызды өзің құра алатын жағдайға жетесіз. Аса күрделі емес сайттарды  html  мен css оқулықтарын оқу арқылы  құруға болады. Бұл жерде басты мәселе бастауда жатыр. Бір бастасаңыз бұл жұмысты одан кейін оны тастай алмайсыз. Қарапайым қызықты сұрақтар шешімі әрі қарай өз тереңіне тарта түседі. Сайт жасаудан бастаған жұмысыңыз Сіздің өмір бойы айналысатын қызықты жұмысыңыз болып кетуі ғажап емес.

 

Интернетке орналастыру

Сайт құрып болған соң оны Интернетке орналастыруды ойластыру керек. Ол үшін сапалы хостинг и домен таңдау керек. Олардың бірге үйлесімді жұмысын қаматамасыз етіп, серверге файлдарды қотару керек. Біз бұл тақырыпқа арнайы тоқталамыз. Алғашқы кезде тәжірибе алу үшін ақысыз хостинг и домен таңдаған дұрыс болады. Тәжірибе жинақтаған соң ақылы Интернетке көшкен дұрыс болады.

Сайтты Интернетке орналастырғанмен іс бітпейді. Оған қатысушыларды тарту керек болады. Ол үшін сайтта қарастырылған тақырыптар қызықты болуымен қатар сайттың сыртқы түрі де көз тартарлық болуы керек. Бұл сайт мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, студенттерге, әрбір ақпаратты меңгергісі келетін адамдардың барлығына дерлік арналған. Сондықтан бұл сайттың оқушыларының да, өз сайтын өзі жасаушылардың да саны аз болмайтыны ешбір күдік туғызбайды. Сайт жасауда кейбір қиындықтар туған жағдайда, автор консултация түрінде еmail арқылы ақысыз көмек қолын ұсынуға дайын.

 

Информатика

Қазақ-орыс тілдерінде жазылған Информатика оқулық-бағдарламада негізінде Delphi және Visual Basic бойынша әлемдік ірі программистердің бағдарлама жасай тәсілдері оқытылады. Қазіргі кезде біздің мектептерде 7-сыныптан бастап Турбо Паскаль 7 бағдарламасы оқытылады. Бұл ескірген, пайдаланудан шыққан бағдарлама түріне жатады. Солай болса да оқулық құрамында берілген мыңдаған есептерді шығаруға  Турбо Паскаль 7 бағдарламасын да пайдалануға болады. Бірақ Турбо Паскаль 7 бағдарламасы үлкен бағдарламалар жасауға жарамайды. Сондықтан мектептерде жоғарғы сыныптарда Delphi бағдарламасын оқытып, ал вузда Visual Basic 6 бағдарламасына көшкен дұрыс болар еді.

Бұл жұмыс коммерциялық жұмыс түріне жатады. Мектеп дирекциясы мен вуз ректорлары шартты баға ұсынып, қанша данасы керек болса, сонша дананы ала алады.

 

                                                Математика

Мұнда жоғарғы математиканың барлық бөлімдері қарастырылды деп айтуға болады. Әдепкі оқыту түрінен айырмашылығы мұнда бағдарламалық жолмен оқыту түріне баса көңіл бөлінді. Оқытудың бұл түрі әрі адамға жеңіл, әрі пайдалы, өйткені математика осы заманғы программаларды пайдалану арқылы оқытылады. Мұнда да материал қазақ-орыс тілдерінде берілді. Бұл оқулық-бағдарламаның ”Математикалық физика теңдеулері” бөлімінде матфизика есептерін шешудің бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа нұсқалары ұсынылады. Мысалы, мұнда Навье-стокс теңдеулері сияқты теңдеулердің жаңаша шешімдері ұсынылды. Ал навье-стокс теңдеуінің шешімі Америкада жарияланған ”Задачи тысячалетие” конкурсқа ұсынылды. Жалпы оқулық математика мен қатар осы заманғы программа жасау жолдарын меңгеруге арналған. Математиктерге соңғыны меңгеру аса қиын болмайды. Мен де математикпін ғой, бірақ меңгердім. Меңгермесем осы екі оқулық-бағдарлама, мына сайт та болмас еді.  ”Математикалық физика теңдеулері” бөлімі жеңіл тақырыптарға жатпайды, сондықтан да ол аса қызықты, тартымды. Мұндағы есептердің бәрі бұрын шығарылмаған есептерге жатады

Бұл жұмыс та коммеруиялық түрге жатады.

Коммерциялық емес тек сайт қана. Сайтты талаптанған адам өзі жасай алады. Қиналған жерінде мен қол үшін беруге дайынмын.

 

 

 

                                  Құрметпен Сарқытбек Матаев

 

    Сайт бойынша іздеу

 

 

        Мазмўны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz