Сайтқа ену

Оқулықтар

CCC

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Dомен деген не. Домендер деңгейі. Сайт үшін домен қалай таңдалады?

Домен деген не, домендердің қандай деңгейі болады және сайт үшін домен қалай таңдалады?

Домен (домен аты) - бұл Сіздің сайттың Интернет желісіндегі аты. Мысалы,nur.kz немесе akorda.kz - бұлар домен атаулары, yandex.ru – бұл домен яндекс іздеу жүйесінің аты, rambler.ru - домен Rambler іздеу жүйесі.

Домен атауының, адам атынын айырмышылығы бірдей екі атаудың болмайтындығы. Сондықтан, егер Сіз салмақты сайт жасағыңыз келсе, онда сізге дұрыс атау таңдауға тура келеді.
Доменнің не екені енді түсінікті болар. Енді домен атын дұрыс таңдаудың жалпы нұсқасыны тоқталамыз:

  1. Домен аты неғұрлым қысқа болса, жақсы болады. Біріншіден, қысқа атау оңай есте сақталады, екіншіден – жазу кезінде қате жазу ықтималдығы аз болады.
  2. Домендік атау латын әріптерімен жазылады.
  3. Ол оңай оқылып, оңай дыбысталуы тиіс, және жазылуы оңай болуы керек. Қысқаша айтқанда есете ұстау жеңіл болуы керек.
  4. Сондай-ақ сайттың неге арналғанынан хабар беріп тұруы керек
  5. Домен түрлері деңгейін талдап көрелік

Доменер үш деңгейлі болып келеді. Бірінші деңгейдегі домендер: мысалы, com, net, ru, info, biz, uа, de т.б. Екінші деңгейдегі домендерге мысалы мыналар жатады: google.com немесе rambler.ru, үшінші деңгейлерге: banner.org.ru, soft.narod.ru, shops.com.ua, banner.kiev.ua, nur.kz т.б. Бірінші деңгйдегі домендер екі топқа бөлінеді: аумақтық (ru, ua, de, us және т.б.) және аумақтан тыс (com, org, net, kz және т.б.).

Бірінші деңгейдегі домендерді зоналар деп атайды. Мысалы, кезкелген деңгейдегі барлық домендер Ресейдің .RU географиялық зонасына жатады. Бірінші деңгейдегі кезкелген доменге екінші деңгейдегі домен тіркеле алады. Жалпы, екінші деңгейдегі – бұл ең жақсы үлгіге жатады (онда іздеу жүйелері жақсы жұмыс істейді, жақсы оқылады).

Көптеген хостинг-провайдерлер екінші деңгейлі домендер ұсынады .ru, .com, .net, .org, .ws, .info және т.б. Оларда хостингіге тапсырыс ақысыз.

Сайт бойынша іздеу

Доменге қатысты тақырыптар

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz