Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернет

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Microsoft FrontPage бағдарламасы

Бұл бағдарлама сайт құру үшін қолданылады. Әуелі құрылатын сайт үшін қалта ашыңыз. Оны Менің құжаттарым немесе C, D дискілерінің біріне орналастыруға болады. Бұл бағдарламаның біз орысша нұсқасын пайдаланамыз. Ағылшынша нұсқасы үшін жақша ішіне аудармасын жазамыз.

Сайт құрылымы деп бөлімдер мен олардың бөлімшелерін, орналасу ретін айтады. Бұлар сатылық түрде беріледі. Жалпы түрде сайт беттерін, мысалы, былайша беруге болады:

· Басты бет

· Оқулықтар

· Пайдалы кеңестер

· Суреттер

· Сөздіктер

· Сілтемелер

· Скриптлер

· Кітаптар

· Бағдарламалар

· Сайтқа арналған

· Windowsқа арналған

  • Өзіңіз туралы
  • Қызмет түрлері
  • Сілтемелер
  • Қонақ кітабы

Басты бет - сайттың негізгі беті. Бұл арқылы сайттың басқа бөлімдері мен сайттың негізгі беттеріне өтуге болады. Бұдан басқа ішкі сілтемелер болады. Олар арқылы сайттың ішкі беттеріне өтуге болады. Сайт беттерінде ақпараттар сақталады.

Әдетте сайттар әртүрлі кестелерден түрады. Кейбір кестелер жақсы көрінсе, кейбіреулері мүлдем көрінбейді. Кестелерді FrontPage бағдарламасында бірнеше әдіспен құруға болады.

1-әдіс.

Мәзірден Таблица|Вставка|Таблица әмірін таңдаңыз. Шыққан терезеде құрылатын кесте параметрлерін беруге болады. Количество ячеек облысында жол саны (Строк) пен баған саны (Колонок) көрсетіледі. Келесі Размещение (Layout) облысында баптаулар жасалынады:

Кестені бетке орналастыру үшін Выравнивание (Aligment) өрісінде мына мәндердің бірін алу керек:

  • Әдепкі (Default) - кесте қолданушы браузеріне байланысты орналасады, әдетте сол шетіне
  • Слева (Left);
  • Справа (Right);
  • По центру (Center);

· Кесте шетінің ені Размер границ (Border size) өрісінде беріледі, мысалы, 1.

· Үяша мәні мен оның мәні арақашықтығы Дополнение ячейки (Cell Padding) өрісінде беріледі, мысалы, 1.

· Кесте ұяшаларының арасы Интервал ячейки (Call Spacing) өрісінде беріледі, мысалы, 2. Кесте ені, егер Точная ширина (Specify width) жалаушасы қойылмаса, кесте өлшемі өлшемі оның мәніне тәуелді болады. Егер жалауша тұрса, онда ені пикселмен немесе пайызбен беріледі. Ен өлшемін пайызбен берген дұрыс, сол кезде ол қолданушы терезесінің өлшеміне байланысты өзгереді. Мысалы, процентпен 50 беріп, Да тетігіне нұқыңыз. Сол кезде ені бейнебет енінің 50% құратын екі жолдық кесте шығады.

2-әдіс

Құралдар үстелінде тор көзді таңбашаны табыңыз да оған нұқыңыз. Сол кезде кестенің кішкене макеті шығады. Сол тетікті басып тұрып, керекті жол мен баған санын ерекшелеңіз. Мысалы, екі жол мен бір баған ерекшелейік. Егер тінтуірді оңға немесе макеттің төменгі шетіне қарай жылжытсаңыз, ол кеңиді. Сосын тінтуір тетігін босатқан сәтте кесте пайда болады.

Бұл әдіс оңай, әрі жылдам. Бірақ мұнда алдынала құрылатын кесте параметрлерін көрсетуге болмайды. Сондықтан, егер сізге осы әдіспен басқа параметрлі екінші кесте құру керек болса, оның параметрлерін құрылғаннан кейін ғана бере аласыз.

3-әдіс

Бұл әдіс бойынша кестені тінтуірмен сызуға болады. Біз мұны пайдаланбаймыз. Бірақ егер бір кезде күрделі кесте сызу керек болса, мұны білу керек болады.

Алғашқы қадам бірінші әдіс сияқты. Әмірлік мәзір жолынан Таблица (Table) әмірін таңдаймыз. Осы әмірді орындаған кезде, сіздің алдыңыздан мәзір шығады. Ондағы қос тілшеге тінтуірді жақындатыңыз. Сіздің алдыңыздан әмірлер тізімі шығады. Одан Нарисовать таблицу (Рисов Табл.) пунктін таңдаңыз. Кішкене терезе шығады.

Кесте сызу бірнеше этаптан тұрады: кестенің тіктөртбұрышты сыртқы контуры, кестені жолдар мен бағандарға бөлетін сызықтар сызылады, артық сызықтар өшіріледі.

Әуелі кесте сызуға арналған құрал қосылғанына көз жеткізіңіз (бұл кезде ол қалған тетіктерге қарағанда ақшыл өңде бейнеленуге тиісті). Енді жүгірткі құжат облысына түскен кезде, ол карандаш формасына енеді.

Жүгірткіні сызылатын кестенің сол жоғарғы бұрышына әкеліңіз. Сол тетікті басып тұрып, жүгірткіні кестенің оң жақ төменгі бұрышына әкеліңіз де тетікті босатыңыз. Нәтижесінде кестенің сыртқы қоршауы пайда болады. Сосын осы әдіспен кестенің ішкі құрылымдарын құратын сызықтарды жүргізіңіз.

Артық сызықтарды Ластик құралымен жоясыз. Оны пайдалану үшін құралдар үстелінде осы аттас тетікке нұқыңыз. Жүгірткіні өшірілетін сызыққа әкеліп, оның бойымен жүргізіңіз. Өшірілетін сызық қызыл түске боялады. Ластик режимін үзіп қою үшін, тағы да сол ластик тетікке нұқыңыз.

Бірінші жолды сайт атауына, логотипке тағы басқаға арнауға болады. Бұл сайттың жоғарғы жағы. Әдетте сайттың барлық беттері үшін бірдей жасайды. Келесі жолға мәтін, сурет, фотосурет, бір сөзбен айтқанда ақпаратқа арнайды. Төменде сайтқа қатысушылар санын есептейтін есептегіш қойған дұрыс. Ол үшін тағы бір жол қосамыз. Оны қосу үшін Таблица

құралдар панелі ашық болса, Добавить строку (Insert row) тетікке нұқу керек. Жүгірткіні кесте жолының бірінің алдына қоюды ұмытпаңыз. Жаңа жол жүгірткі тұрған жол алдына қосылады.

Жолды қосудың тағы бір тәсілін көрстейік. Әуелі жолдың бірін ерекшелеу керек. Ол үшін жүгірткіні ерекшеленетін жолға әкеліңіз де жүгірткі тілше болуын күтіп, оны нұқыңыз. Жол ерекшеленеді. Енді ерекшеленген жолға оң тетікті нұқыңыз, тіркеме мәзір ашылады. Одан Вставить строку (Insert row) таңдаңыз. Жолды оған нұқып та ерекшелеуге болады.

Жаңа жол қосудың тағы бір әдісі: Жаңа жол қосатын жолға (үстіне немесе астына ) жүгірткіні әкеліп, Табица тетігіне нұқыңыз. Шыққан мәзірден Вставка (Insert) - Строки немесе Колонки таңдаңыз. Келесі терезе ашылады. Онда Строка таңдаймыз. Терезенің төменгі бөлігінде жаңа жол орны көрсетіледі (above немесе bellow). Таңдаған соң Да тетігіне нұқимыз. Енді үш жол болды.

Енді сайт құрылымын қайда орналастыруды қарастырамыз. Біз екінші жолды қарастырамыз. Екінші жолда екі бағаннан тұратын тағы бір кесте қарастырамыз. Мұны жасаудың үш жолын білеміз. Біз кесте параметрлерін ең басынан бастап реттейтін бірінші әдісті таңдаймыз. Кесте құру жолы: Таблица|Вставка|Таблица. Ашылған терезеде бір жол, екі баған және кесте шетінің енін нөл деп аламыз.Кесте енін 100% деп алып, Да тетікке нұқимыз.

Екінші жолдағы кішкене нүктелер редакциялау режимінде көрінеді, қарау күйінде кесте көрінбейді. Бұл кесте кестенің сыртқы түрін моделдеу үшін керек, сондықтан оны біз көрінбейтін жасадық.

Енді сол бағанға тағы бір кесте қыстыру керек. Жол саны сіз құрған құрылымның негізгі пунктерінің санына тең болуға тиісті. Енді барлық негізгі беттер атауларын біздің кестеге көшіреміз. Ішкі бет атауларын оған қоспаймыз. Кестеге бет атауларын енгізу үшін мәтін орналастырылатын жерге тінтуірмен нұқыңыз да, оны пернетақта арқылы енгізіңіз. Қоюдан соң сайт құрылымы бетінің түрі мынадай:

Енді кесте құрылған соң параметрлерді қалай өзгерту туралы айтамыз. Енді бүкіл кестені ерекшелейміз. Ол үшін Таблица|Выделить|Таблица әмірін орындаңыз. Ерекшелеуді алмай тұрып, кестеге тіртуірдің оң тетігін нұқыңыз. Шыққан мәзірден Свойства таблицы (Page properties) таңдаңыз. Сол кезде Свойства и таблицы терезесі шығады. Мұнда бұрыннан бізге белгілі өрістерден басқа кестенің цвет рамки және цвет фона функциялары бар екенін байқаймыз. Мұнда кестенің фондық суретін де таңдауға болады. Сіз мұнда қоршау түсінің қара және ақшыл шеттерін таңдай аласыз. Егер рең дұрыс таңдалса, әдемі шығады.

FrontPage бағдарламасында кесте қоршауын әртүрлі бейнеде беруге болады: қос сызық, көлеңкемен, т.б. Бұлар Формат|Границы и Тени әмірі арқылы орындалады. Бірінші тіркемеде - Рамки (Borders) кесте шетінің түрін ауыстыруға болады. Екінші тіркемеде - Тени (Shadows) кестеге көлеңке қосуға болады. Көлеңкені қосу сәтті бола бермейді. Кестенің өң түсі мен қоршау түсі маңызды рөл атқарады.

Енді файлды Файл|Сохранить как әмірі арқылы, бұрын құрылған қалтаны табыңыз да index атпен сақтаңыз. Сайттың басты беті әрқашан осы атпен сақталады.

Егер сіз қазір FrontPage бағдарламасынан шығып, сақталған құжатты ашсаңыз, ол index.htm ретінде сақталғанын көресіз. HTM сөзі HTML сөзінің қысқартып алынған түрі. Файлды Index.htm1 түрінде де сақтауға болады. Біз бұдан былай htm кеңейуін сақтаймыз. Сонымен, құрылған index бетті site қалтада сақтадық.

Егер сіз сайтты FrontPageде сақтағыңыз келсе, оны сақтау үшін FrontPage Web пайдаланған қолайлы. FrontPage Web арқылы сайтқа қатысты құжатты ашу мен сақтауды көп жеңілдетуге болады.

Жаңаны Webте сақтау оңай. Файл|Новый|Сайт әмірін орындаса жеткілікті. Сол кезде Новое атты терезе ашылады. Терезенің сол жағында қолданылатын Web түрлері келтірілген. Бұдан стандартты One Page Web таңдаса жеткілікті. Терезенің оң жағына сайт орналасатын орынды көрсету керек. Добавить в текущий сайт жалауша қоймаңыз, өйткені бізде бір ғана сайт. ОК басыңыз, жаңа Web құрылды. Енді құралдар үстеліндегі таңбашаға нұқыңыз. Енді жаңа терезе - файлдар тізімі ашылады. Осы терезеде барлық беттер пайда болады, мұнда өңдеуге қолайлы.

EEE

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz