Сайтқа ену

Оқулықтар

CCC

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Хостинг таңдау. Жақсы хостингні қалай таңдау керек?

Сіз доменнің не екенін білесіз, енді хостинг түсінігімен танысу керек.

Хостинг – дегеніміз интернетте серверден сіз жалға алатын орынды айтады, онда Сіздің сайтыңыздың файлдары орналасады. Аренда мерзімі әртүрлі болып келеді, әдеттегі ең аз мерзім – 1 ай, ең үлкен мерзім арендалық салымыңызға байланысты.

Хостингні қалай таңдау керек? Әдетте хостингі таңдау Сіздің мақсатыңызға байланысты болады. Хостинг ақылы және ақысыз да болуы мүмкін. Ақысыз хостинг жаттығу үшін қажет болады, онда сіз сайттың баптауымен, доменді қосу тағы басқалармен жатығу үшін қажет болады.

Жақсы келешегі үлкен жобалар үшін ақысыз хостингіні таңдау дұрыс болмайды.Әдетте хостинглерді пайдалануда біраз шектеулер болады, сіздің сайтта жарнамаларды орналастыруға қатысты (ұсынылатын жарнама әртүрлі болып келуі мүмкін: сілтемелер, баннерлер тағы басқалар), серверді арендаға алған, энергияңы жұмсалған шығынды сервер иесі қайтарып алу керек емес пе.

Сондықтан егер жоба салмақты болса - ақылы негізде болғаны дұрыс, ақысы да қымбат емес. Ақылы хостинг әдетте басқару панелі қолайлы, жұмысы сапалы және орнықты болып келеді

Жақсы хостингі таңдау үшін мыналарға көңіл аудару керек:

  1. Сайтқа қанша орын керек. Әртүрлі тарифтер болады, 10 МБ бастап ондаған гигабайтқа дейін. Сондықтан сізге орын керек екенін анықтау керек.
  2. Сервер қандай технологияны қолдайды. Мысалы: php, mysql, perl тағы басқалар. Егер Сіз html арқылы ең қарапайым статикалық сайт құрған болсаңыз, онда төменгі технологиялы хостингі таңдаған дұрыс болады, онымен ақшаңызды үнемдейсіз.
  3. Егер сіз хостингеде бірнеше сайтты орналастырғыңыз келсе, бұл мүмкін бе соған көңіл аударыңыз, оған қанша сайтты орналастыруға болады. Әдетте әртүрлі тарифтерде сайттар саны 1 ден 10 ға дейін болады.

Сайт бойынша іздеу

Доменге қатысты тақырыптар

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz