Сайтқа ену

Оқулықтар

CCC

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Оқулық-бағдарламаға қысқаша түсініктеме

Borland компаниясының алғашқы программасы 1970 жылы Паскаль деген атпен шықты. Оның авторы - Швейцар институының профессоры Никалаус Вирт. Одан кейін бұл программаның көптеген жаңа нұсқалары шықты. Ең соңғысы 1992 жылы Турво Паскаль 7.0 деген аатаумен шықты. Бұл программалар негізінде программирование пәнін үйретуге арналған. Осы кезге дейін бұл программа мектептің оқу жоспарына енген. Турво Паскаль 7.0 арқылы негізінде MS-DOS және windows 3.1 операциялық құрамында ғана програмалар жасауға болады. Жаңа операциялық жүйелердің пайда болуына байланысты Турво Паскальдың жаңа нұсқалары Dеlphi деген атпен шыға бастады. Қазіргі кезде бұл программаның Dеlphi 1- Dеlphi8 нұсқалары, одан кейінгі нұсқалары Dеlphi XE1- Dеlphi XE7 шыққаны белгілі. Қазіргі кезде әлемдегі пограммистердің басым көпшілігі өз программаларын Dеlphi программаларын пайдалану арқылы жасайды. Оның басты себебі Dеlphi тілінің жеңіл қабылдануы және көпшілік программалық кодтардың ашық тұрде берілуінде жатса керекті. Dеlphi XE1- Dеlphi XE7 программалары 64 разрядты Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істейді және ОС Mac OS және iOS көп платформалы қолданбалар жасауда да қолданылады.

Бұл оқулық бағдарлама жасау жолдарын меңгеруге арналған. Оқулық құрамында ең қарапайым мысалдардан бастап, күрделі бағдарламалар құруға дейінгі аралықтығы бағдарлама жасау тәсілдерін үйретуге арналған мыңнан аса мысалдар берілді. Бұл мысалдардың көшілігінің шешімдері бірге берілді. Бұл программа жасауды үйренгісі келетін адамдарға көп жеңілдік туғызады. Бұл мысалдардың жартысына жуығын Турба Паскаль 7 программасымен де шығаруға болады. Бұл мысалдарды үлкен бағдарлалар жасауға апаратын жол десе де болғандай. Бұл мысалдардың бәрін, Dephi нұсқалары арқылы шығаруға болады. Dephi нұсқалары мен Майкросоft бағдарламаларында Windows тәрізді аса үлкен бағдарламалар жасалады.

Кіріспеде компьютерге Delphi бағдарламасының орнатылуы айтылады. Карапайым мысалдар арқылы бағдарлама құрудың алғашқы қадамы жасалынады, бағдарламаның негізі мен Delphi тілінің терминдері оқытылады. Пішін, құралас, сипаттар мен оқиға, тілдесу терезелерінің қалай құрылатынын және әр терминнің мән-маңызын түсіну арқылы Delphi бағдарламалау ортасымен танысасыз.

Көз алдыңызда тұрған осы оқулықтың каркас-бағдарламасы Delphi 5 бағдарлама құру ортасының көмегімен құрылғанын атап өткіміз келеді. Математикалық формулаларды, суреттерді және басқа да нысандарды бейнелеу үшін бірнеше арнайы құраластар жасалынды. Осы құраластар арқасында бағдарлама кеңейтілген мүмкіндікті мәтіндік редактор болу сипатын алды. Оның көмегімен әр түрлі нысандарды, суреттерді соның ішінде математикалық формулаларды жазуға, оқуға арнайы жасалған программаларды оқулық құрамында шақуруға мүмкіндік туды. Сондай-ақ бағдарлама Microsoft Office бағдарламаларында қолданылатын нысандар мен ондағы осы типтес құраластармен үйлесімді. Мұнда жазылған мәтіндер, суреттер Word бағдарламасынмен rtf пішімінде үйлесімді, яғни оларда rtf пішімде сақталған мәтін мен суреттерді мәтіндік редакторде қарауға, сақтауға болады және оны керісінше орындауға болады. Бағдарламада қарастырылған тақырыптарды сол тұрған жерінде өңдеуге, толықтыруға, басып шығаруға, көшіруге, қаріптердің түрі мен өлшемін өзгертуге, мәтіндерді әр түрлі түспен ерекшелеуге мүмкіндік жасалынған, яғни Word бағдарламасының басты мүмкіндіктері осы өңдегіште толық қамтылған. Тек одан айырмашылығы редактор оқулық құрамында жұмыс істейді. Сондықтан мұны осы заманғы бағдарлама жасау әдістерін оқып үйренуге арналған оқулық болуымен бірге, екінші жағынан алғанда кеңейтілген мәтіндік өңдегіш ретінде пайдалануға болады. Оқушының талабын ескеріліп, оқулықтың әр тақырыбын әркім өзінше кеңейтуге, толықтыруға мүмкіндік жасалынған.

Delphi бағдарлама құру ортасы негізінде Delphi 7 және Visual Basic 6 бағдарламасын оқып үйренуге арналаған. Оқулықта бағдарлама жасаудың қарапайым тілқатысу терезелерінен бастап, анықтама жүйелері, орнату дискілерін құруға дейінгі аралықтағы барлық әдістер қамтылған. Сонымен бірге бұл бағдарламалар ортасының жоғарғы математикада, физикада, тағы басқа пәндерде кеңінен қолданылуы көрсетілді. Оқулықпен бірге бағдарлама құрудың көптеген мысалдары берілді. Бұл мысалдарды оқып үйрену арқылы іс-тәжірибеде кеңінен қолданылатын бағдарламалар жасауда талапкердің кәсіби деңгейі арта түседі. Оқулық жоғарғы класс оқушылары мен студенттерге, оқытушыларға әр түрлі мамандық иелеріне, өз бетімен білімін көтергісі келген адамдарға арналған.

Оқулықтағы мысалдары шығару үшін Сіздің компьютерде осы бағдарламалардың бірі болуға тиісті. Әрине Dеlphi XE1- Dеlphi XE7 бағдарламаларын да пайдалануға болады. Соңғы жағдайда біз Dеlphi XE4 бағдарламасын пайдаланамыз.

Delphi қазақ қаріптері дұрыс бейнеленбейді. Дұрыс бейнеленуі үшін Sanasoft компаниясының компаниясының KazKey драйверін пайдалану керек немесе Сіздің компьютерде осы компанияның WinTranslate пакеті болуы тиіс.

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz