Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

Матфизика есептерінің шешімдері

JavaScript арқылы белсенді web беттер құру

JavaScript негіздері

Егер Сіздің компьютерде JavaScript бағдарламасы қосылмаған болса, оны қосу керек. Содан кейін ғана тақырыптарды оқуға болады. Бұл бөлімде JavaScript бағдарламасының

тек негізгілері ғана беріледі. Бұл бөлім кейін біртіпдеп толықтырылып отырады.

HTML коды арқылы әдемі, бірақ статикалық web беттер құрылады. Бұл беттер пайдалы қызмет етіп келеді. Солай дегенмен көптеген адамдар компьютердің барлық мүмкіндігін пайдаланғысы келеді. Олар web беттермен өзара әрекетесетін көптеген кішкене бағдарламалар жасалынған. Белсенді web беттер құру үшін арнайы бағдарламалық тілдер құрылды. Солардың бірі JavaScript. Осы арқылы браузерде орындалатын программалар құруға болады.

JavaScript арқылы кезелген редакторде, мысалы Блокнота бағдарлама құруға болады. JavaScript тілінде браузерде орындалатын жай командаларды құруға болады. Олар HTML кодта тікелей бетте немесе жеке файлда сақталады. Бағдарламаның қалай жұмыс істетінін көру үшін браузер терезеде HTML файлды ашу керек. Ол үшін браузер менюінен Файл|Открыть командасын таңдаңыз да JavaScript бағдарламасы бар HTML файлды дискіден табыңыз.

Бағдарламаның басы мен аяғы JavaScript тілінде өзіндік екі тегпен беріледі

<script language =” javascript”>және <script>

Бағдарлама body тегіне қойылады:

<HTML>

<HEAD>

< Title >Титул документа</Title>

</HEAD>

<BODY>

<script language =” javascript”>

<script>

</BODY>

</ HTML >

Ескірген браузерлер javascript командаларын түсінбейді, сондықтан оларды түсіндірме символдары арқылы жабу ұсынылады:

<script language =” javascript ”>

<!—

//-- >

</script>

Тегтер арасында тұрған екі жолды ескі браузерлер javascript командаларын түсіндірме ретінде қарастырады. А жаңа браузерлер оларды жұмысқа қосады. Javascript кодын HTML кодта ғана емес сыртқы файлда да сақтауға болады. Сосын HTML кодта орналасқан SRC атрибуты арқылы javascript кодын орындауға болады.

<script language =” javascript” SRC=” program. js”>

</script>

Бұл мысалда program.js файлы қолданылады, онда javascript коды сақталады. Әрбір сыртқы javascript бағдарламасы файлының кеңейуі js.

Мәтінді шығару

JavaScript тілінде htmument.write әмірі анықталған. Ол арқылы экранға мәтінді шығаруға болады. Мына мысалды қарастырамыз.

htmument.write(“Бұл мәтін экранға шығарылады”)

Экранға шығарып қана қоймай бұған әдепкі HTML тегтерін қосуға болады. Мысалы, мәтінді жартылай толық қаріппен шығару үшін оған <B> командасын қосу керек.

htmument.write(“B”, “Бұл мәтін экранға шығарылады”, “/B” )

JavaScript объектілері

JavaScript бағдарламасы объектіге негізделген. Оъектінің сипаты, әдісі және оқиғалары бар. Сипаттарда объектінің сыртқы түрі анықталады, мысалы оның түсі, пішіні. Әдісбұл қандай да бір операцияны орындайтын программа. Ең бір кең тараған объектілердің бірі htmument, ал оның танымал әдісі write. Оқиға объектіге қолданылатын әрекеттер, мысалы, тетіке нұқу.

JavaScript бағдарламасында объкт туралы ештеңе білмей-ақ бағдарлама жазуға болады, бірақ ол туралы көп білген сайын сізде мүмкіндік көп болады. Қазіргі сәтте JavaScript бағдарламасы объектілерге негізделгенін есте ұстасаңыз болды. htmument.write (“Hello, Word ”) сияқты үзіндіні көрген кезде, wtite әдісінің көмегімен Hello, Word үзіндісін экранға htmument объектісі шығарады.

htmument.write командасымен жолдарды + таңбасымен мына мысалдағыдай біріктіруге болады

htmument.write(“B”, “ Бұл мәтін экранға жартылай толық шығарылады ”, “/B”+” ал мынау жайша)

Бұл келтірілген команда браузер терезесіне мынадай мәтінді шығарады:

Бұл мәтін экранға жартылай толық шығарылады ал мынау жайша

Айнымалылар құру

Жоғарыдағы келтірілген мысалда + символы екі тұрақты жолды біріктіреді. JavaScript тілінде бұдан басқа var әмірі арқылы айнымалыны жариялауға болады:

Var Айнымалы_аты

JavaScript тілінде айнымалы типіп жарияламайды. Тек оны жарияланады. Айнымалы жарияланған соң оған жолды беруге болады және басқа жолдармен біріктіру үшін + таңбасы қолданылады

<script language =” javascript” >

<!—

Var mymessage

Mymessage=” A goldfish.”

htmument.write (“AAAA:”+ mymessage)

//-- >

</script>

Бірінші екі жол компьютерге javascript тілінде бағдарлама басталатынын хабарлайды.

Келесі жол айнымалы құру. Одан кейінгі жол айнымалыға A goldfish мәнін беру. Бесінші жол mymessage мәнін экранға шығару. Соңғы жолдар бағдарламаның аяқталғанын білдіреді.

Сайт бойынша іздеу

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz