Сайтқа ену

Оқулықтар

CCC

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Кіріспе

Екі тілде (қазақша-орысша) жазылған электрондық “Жоғарғы математика мен информатиканы өзі оқытатын” оқулық-бағдарламада жоғарғы математиканың мынадай бөлімдері қарастырылды:

· Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия

· Математикалық анализ

· Дифференциальдық теңдеулер

· Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика

· Комплекстік айнымалы функциялар теориясы

· Математикалық физика теңдеулері

Әр бөлімде теориялық және практикалық материалдармен бірге тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары білімді тексеруге арналған сұрақтар берілген. Бұл сұрақтар жоғарғы математиканы студент өз бетімен (самостоятельно) меңгеруге арналған. Бұдан басқа әр параграфта білімді тексеру ұсынылады, есептерді шығаруда консультация беріледі. Әр параграф екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде жоғарғы математиканы оқытудың теориялық және практикалық мәселелері классикалық стилде қарастырылады, ал төменгі бөлігінде әр түрлі темедағы практикалық есептерді бағдарламалық жолмен шығарады және өз білімін тексере алады.

“Жоғарғы математика мен информатиканы өзі оқытатын” оқулық жоғарғы оқу орындарында жоғарғы математиканы оқытуға арналған. Әрине мұны мұғалімнің көмегімен оқытуға болады. Осы оқулықтың мақсаты жоғарғы математиканы мен бағдарлама құру пәндерін меңгеруде студерттерге көмек беру. Оқулықта вуздарда оқылатын жоғарғы математиканың барлық тараулары қамтылған, аса көптеген есептерді шығарудың бағдарламалық жолдары көрсетілді. Бағдарламаны меңгеруге ешқандай арнайы ғылымның қажеті болмайды. Оқулық құрамындағы есептердің программалық кодтарын түсіну үшін автордың Информатка оқулығының алғашқы бөлімдерін оқыса, сол жеткілікті болады. Есептеуді көп керек ететін пәндердің бәрін программа құру арқылы шығару уақыт жағынан алғанда әлдеқайда пайдалы болады.

Бұл бағдарламаның сыртқы қабығы Delphi 5 бағадаламасының инструменттік ортасы арқылы жасалынды. Математикалық формулаларды, суреттерді және әртүрлі нысандарды қарау және оларды бағдарламада пайдалану үшін бірнеше арнайы компоненттер құрылды. Осы компоненттердің арқасында бағдарлама кәдімгі мәтіндік редактор сипатына ие болды. Белгілі бір мағнада бұл Word бағдарламасына жақындады. Бұл бағдарламаның өзін оқулық болуымен қатар мәтіндік редактор ретінде пайдалануға және көптеген атақты ірі бағдарламаларды редактор құрамында жұмысқа жегуге болады. Осы мақсат үшін арнайы меню “Мәтіндік редактор” бөлімі берілді. Бұл жерде студенттер өздеріне қажетті бақылау жұмыстарын, курстік жобаларын, дипломдық жұмыстарын орындай алады

“ Математика физика теңдеулері ” әдепкі оқу программасымен бірге бұрын ешжерде жарияланбаған кейбір математикалық физика есептерінің шешімдері туралы қосымша мәліметтер береді.

Математика физика теңдеулері бөлімінде классикалық үш теңдеу түрі қарастырылады: параболалық, гиперболалық және Лаплас теңдеулері. Бірнеше ғасыр өтсе де бұл теңдеулердің түбегейлі шешімі табылған жоқ. Оның басты себебі ыңғайлы аппараттың болмағандығы болса керекті. Бұл оқу құралында барлық теңдеулер типіне бірдей қолданылатын аппарат ұсынылады. Осы аппарат арқылы аталған теңдеу түрлері толық шешілді. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталған түрге жатады. Математиканың осы типтес теңдеулерін шешуге арналған статиялар Ресейде, Германияда және АҚШта жарияланды. Бұл аппарат матфизика теңдеулер жүйесінің түріне байланысты жаңа түрге оңай ыңғайланады. Мысалы, аппарат арқылы гидродинамика теңдеулер жүйесін, Максвель теңдеулер жүйесін және жалпы дербес туындылы теңдеулер жүйесін шешуге қолдануға болады.

Өзі оқытатын (Самоучитель) оқулығы жоғарғы математика мен информатика, оның ішінде математикаға қатысты барлық пәндер есептерін программалық жолмен шығару аса тиімді болады. Сондықтан бұл оқулық-бағдарлама жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, мектеп мұғалімдерне және студенттерге арналған. Бұл әсіресе, студенттерге өте пайдалы, өйткені олар математиканы оқумен қатар программирование пәнінің бүкіл астарын біліп алады. Ал ол жас адамның келешектегі жұмысына пайдалы болады.

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz