Сайтқа ену

Оқулықтар

CCC

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Автор және сайт авторы – Матаев Саркытбек

Мен Астанада тұрамын. Көп жыл Қарағандыда жоғарғы матаматика каферрасында жұмыс істедім. Математикалық физика теңдеулер бойынша кандидаттық диссертация қорғадым. Пенсияға шығуға 5 жыл қалғанда информатика кафедрасында программирование пәнінен сабақ бердім. Математика кафедрасында сабақ беріп жүргенде соноу Жозеф Фурье (1768-1830) заманынан бері шығарылмай келген көптеген есептерді шешумен айналыстым. Бұл есептердің көпшілігі әлі күнге дейін жарияланбаған деп айтуға болады. Өткен жылдың соңында Вашингтонда Клей атындағы математикалық институт “Задачи тысячалетие” атты конкурс жариялаған екен. Мен конкурска бір есептің шешімін жібердім. Қалған шығарылмай келген матаматикалық физика теңдеулеріне қатысты есептердің шешімін осы сайта жария етпек ойым бар.

Математика немесе информатика болсын менің аз да болса жасаған жұмыстарымның негізі осы екі пәннің оқыту жүйесін дамытуға арналған деп айтуға болар. Осы екі пәннің де ерекшелігі мынада: бұл пәндерде көп есеп шығармай бұларды меңгеру мүмкін емес. Неғұрлым көп есеп шығарған сайын бұл пәндерден Сіздің біліміңіздің арта түсетіні анық және бұл пәндердің бірі бірін толықтырып отыратын сипаты тағы бар. Сондықтан осы екі пән бойынша мыңдаған есептері бар және оларды шашау шығармай ұстап тұратын арнайы өзінің редакторы бар екі программа-оқулық құрылды. Оның біреуі математиканың барлығы дерлік бөлімдеріне арналған, мұнда есептердің көшілігі, тіпті аналитикалық есептер де, программалық жолмен де шығарылған. Математика мен информатика дәлме-дәл ғылымдар түріне жататындықтан олар жақсы үйлесімділік табады. Математикалық есептерді программалық жолмен шығару информатиканың әдістерін терең түсінуге септігін тигізеді. Екінші оқулық информатика пәнін оқытуға арналған. Мұнда Delphi және Visual Baсik 6 бағарламалары бойынша программа құру жолдары айтылады. Бұл оқулықтар мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, студенттерге, жалпы программаны меңгергісі келетін адамдардың барлығына арналған.

Осы сайтта ұсынылып отырған оқулықтардың ішінде Информатика мен Матаематика атты екі оқулық-программа ғана коммарциялық түрге жатады, қалғандары ешбір ақысыз ұсынылады. Соңғы екі оқулық-программада классикалық бағдарламалаудың барлық түрлері қамтылған. Мектептерге және вуздарға шартты бағаға ұсынылады.

Оң жақ

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz