Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернет

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Қысқаша сайт тақырыптары

Сайт тақырыбын оқығанда әркімде “бұлардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін дегендей” ой тууы мүмкін. Әрине қазіргі дамыған информатика әлемінің әу басында математика тұрғаны және оның қазіргі құрамында да математиканың белсенді жұмыс атқаратындығы кімге болса да аян. Есептеу математикасынсыз информатика әлемі мүлдем дамымай қалған болар еді. Оның әдістерін меңгеру, жетілдіру арқылы қазіргі заманның компьютерлік техникасы мен бағдарламалары пайда болды. Ал математикалық физика теңдеулеріне келетін болсақ, бұл бөлім бүкіл математика бөлімдерінің дамуына серпін беретін математиканың ең үлкен бөліміне жатады. Солай болса да математиканың бұл бөлімінде әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер көп. Мысалы, Лаплас теңдеуінің, көп өшемді толқын теңдеулерінің, Навье-Стокс теңдеулер жүйесінің, Максвель теңдеулер жүйесінің шешімдері әлі күнге дейін табылған жоқ. Есептеу машинасымен шығарылған немесе әлдебір әдіспен жасалған ұсақ-түйек бірдеңелер бар. Бірақ олар көңілдегідей емес. Осы сайта осы аталған есептердің шешімдері көрсетіледі. Бұл айтқандарға қоса осы заманғы интернеттік бағдарламалар туралы сөз болады. Соңғы тақырып мектеп оқушылары мен студентерге, әрбір жас адамды осы заманғы интернет бағдарламаларымен таныстыруды көздейді. Қысқаша айтқанда, автор бұл тақырыптарды бөле жарудың жөні жоқ деп есептейді. Екі тақырып та автордың айналысқан дүниелері. Сондықтан сайтта осы екі тақырып бойынша сөз болады. Интернеттік бағдарламалар мен математикалық теңдеулерге қатысты мұндағы жазылған дүниелер коммерциялық жұмысқа жатпайды. Бұларды әркім өз қалауынша толық пайдалануына болады.

HTML тілі

Интернеттік бағдарламалардың негізін HTML тілі құрайды. Бұл тілсіз Интернеттегі бірде бір сайт жұмыс істемейді. Кімде-кім Интернет жұмысын терең түсінгісі келсе, әсіресе өзіне сайт жасағысы келгендер, жұмысты әуелі осы HTML тілден бастау керек болады. Қазіргі кезде программа жасаудың аса көптеген тілдері бар. Сол тілдердің ішіндегі ең жеңілі - HTML тілі деп атауға болады. Мұны талаптанған әрбір адам өз бетімен меңгере алады, тіпті қарапайым өз сайтын өзі жасай алады. HTML тілін мәтіндерге арнайы белгілеулер қоятын тіл деп те атауға болады. Бұл белгілерді браузер деп аталатын арнайы бағадарлама оқып, мәтіндерді оқушыға көрнекі түрде ұсынады. Браузер дегеніміз мәтіндік белгілеулерді оқып және оны оқушыға әдемілеп өңдеп ұсынатын арнайы бағдарлама. Қазіргі кезде мұндай браузерлердің де біраз түрлері көп. Олардың алғашқы түрлеріне жататындар: Internet Explorer, Opera, FireBox, тағы басқалар.

Біз Internet Explorer бараузерін, Блокнот пен Word бағдарламаларын пайдаланамыз. Алғашқы кезде HTML тілінің негізін терең түсіну үшін Блокнот бағдарламасын пайдаланған дұрыс болады.

CSS стилі

CSS (Стилдердің каскадты кестесі) – бұл HTML тілін одан әрі толықтырады. HTML тілі мен CSS интернеттік бағдарламалардың негізін құрайды. CSS арқылы веб-сайттар құру автоматтандырылады, жұмыс жеңілденеді. Бір ғана стилдер кестесі арқылы аса көп беттер оңай басқарылады, сондай-ақ мұнда әдемі менюлер, әртүрлі эффектер, қимыл-қозғалыстар құруға болады. Біз CSS туралы айтқанда ең қарапайым сұрақтарды ғана қозғайтын боламыз. Кімде-кім бұл турасында тереңдеп оқығысы келсе, Майкрософт корпорациясының, Borland, Google компаниясының жұмыстарынан және басқа да көптеген сайттардан бар қажеттілікті табасыз. Бірақ мынау есте болуы керек: HTML тілін меңгерген соң ғана CSS қолға алу керек.

Microsoft FrontPage бағдарламасы

Бұл бағдарлама сайт құру үшін қолданылады. Әуелі құрылатын сайт үшін қалта ашыңыз. Оны Менің құжаттарым немесе C, D дискілерінің біріне орналастырыңыз. Бұл бағдарламаның біз орысша нұсқасын пайдаланамыз.

Сайт құру үшін өзіңіз әуелі сайттың Сізге не үшін қажет екенін білу керек. Сайттың түрлері де өте көп. Біреулер үшін сайт өз товарларын жарнамалау үшін қажет. Ал кейбір сайттар кәдімгі газет қызметін атқарады. Одан адамдар күнделікті ақпаратты біліп отырады. Ал көпшілік адамдар сайт жасауды меңгеріп алып, басқа адамдарға, ұйымдарға ақылы сайт жасау үшін осы технологияны меңгереді. Оларды өз жұмысының жетік маманы деп атауға болады. Құрғалы отырған осы сайт, аты айтып тұрғандай, ғылым мен білімге арналған. Мұндағы Интернеттік бағдарламалар қазіргі заманғы интернеттік бағдарламалардың ең қарапайым түрлерімен оқушыны таныстыруға арналған. Ал математика физика теңдеулері бөлімі осы уақытқа дейін шешімін таппаған теңдеулерді шешуге арналған. Бұл бөлім математиканы терең түсінетін және онымен түпкілікі айналысқысы келетін адамдарға арналған. Екінші бір мәселе сайт құрудан Сіз қандай пайда табасыз, осыны да анықтау қажет болады. Осы шарттар Сізді қанағаттандырған жағдайда ғана өз сайтыңызды құруға немесе басқа біреулерге сайт жасап беруіңізге болады. Сайт құру HTML тілін оқудан басталады. Алғашқы кезде HTML тілді жақсы түсіну үшін блокнотты пайдаланған дұрыс болады. Одан кейін сайт құруды жеңілдететін және сайтты әрлендіретін CSS (Стилдердің каскадты кестесі) тілімен танысуға тура келеді. Осыдан кейін FrontPage бағдарламасы арқылы өз сайтыңызды өзіңіз құра аласыз. FrontPage бағдарламасына біз арнайы бөлімде кеңірек тоқталамыз.

Математикалық физика теңдеулері

Математикалық физика теңдеулері бойынша бірнеше ғасырлар өтсе де толық шешілмеген немесе мүлдем шешілмеген есептердің шешімдері берілді. Бұл есептерді шешуге автор жаңа әдіс ұсынады. Осы әдіс ақылы матфизика теңдеулері мен теңдеулер жүйесі толық шешімін табады. Мысалы, Навье-Стокс теңдеулер жүйесі толық шешілді. Нәтижесі өткен жылы Америкада жарияланған «Задачи тысячалетие» конкурсына ұсынылды. Жалпы мұнда шешімін табу қиын деп есептелетін көптеген есептердің шешімдері берілді.

Сайтты әркім өзі құра алады

Бұл бөлімдегі материалдарды оқу арқылы қаласаңыз, сайтты өзің құра алатын жағдайға жетесіз. Аса күрделі емес сайттарды html мен css оқулықтарын оқу арқылы құруға болады. Бұл жерде басты мәселе бастауда жатыр. Бір бастасаңыз бұл жұмысты одан кейін оны тастай алмайсыз. Қарапайым қызықты сұрақтар шешімі әрі қарай өз тереңіне тарта түседі. Сайт жасаудан бастаған жұмысыңыз Сіздің өмір бойы айналысатын қызықты жұмысыңыз болып кетуі ғажап емес.

Интернетке орналастыру

Сайт құрып болған соң оны Интернетке орналастыруды ойластыру керек. Ол үшін сапалы хостинг и домен таңдау керек. Олардың бірге үйлесімді жұмысын қаматамасыз етіп, серверге файлдарды қотару керек. Біз бұл тақырыпқа арнайы тоқталамыз. Алғашқы кезде тәжірибе алу үшін ақысыз хостинг и домен таңдаған дұрыс болады. Тәжірибе жинақтаған соң ақылы Интернетке көшкен дұрыс болады.

Сайтты Интернетке орналастырғанмен іс бітпейді. Оған қатысушыларды тарту керек болады. Ол үшін сайтта қарастырылған тақырыптар қызықты болуымен қатар сайттың сыртқы түрі де көз тартарлық болуы керек. Бұл сайт мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, студенттерге, әрбір ақпаратты меңгергісі келетін адамдардың барлығына дерлік арналған. Сондықтан бұл сайттың оқушыларының да, өз сайтын өзі жасаушылардың да саны аз болмайтыны ешбір күдік туғызбайды. Сайт жасауда кейбір қиындықтар туған жағдайда, автор консултация түрінде еmail арқылы ақысыз көмек қолын ұсынуға дайын.

Трехязычный лучший Редактор

В мире существует много редакторов. В Казахстане тексто-рисунковый редактор сделан впервые. Главным отличием Редактора от других редакторов его очень компактности и почти со всеми программами совместимости и надежности работы. Основной формат редактора .mwt и охватывает всех существующих форматов других редакторов. Некоторые форматы (.doc, pdf) находит здесь решение через обмен буферов. В редакторе можно поменять формат .mwt на формат .doc через обмен буферов или заменой .mwt на формат .rtf.

This The interface of the editor is avaliable for translating on any other languages

Әлемдегі-ең жақсы Редактор құны 7000 теңге немесе 20$. Редактор көшірмесі Интернет арқылы беріледі. Ол үшін мына адреске хабарласыңыз: 8(775) 961 2985

Информатика

Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде жазылған Информатика оқулық-бағдарламада негізінде Delphi және Visual Basic бойынша әлемдік ірі программистердің бағдарлама жасай тәсілдері оқытылады. Қазіргі кезде біздің мектептерде 7-сыныптан бастап Турбо Паскаль 7 бағдарламасы оқытылады. Бұл ескірген, пайдаланудан шыққан бағдарлама түріне жатады. Солай болса да оқулық құрамында берілген мыңдаған есептерді шығаруға Турбо Паскаль 7 бағдарламасын да пайдалануға болады. Бірақ Турбо Паскаль 7 бағдарламасы үлкен бағдарламалар жасауға жарамайды. Сондықтан мектептің информатика пәнінің алғашқы сыныптарында Турбо Паскаль 7 оқытылып, одан кейінгі сыныптарда Delphi немесе Visual Basic 6 бағдарламаларының бірін оқытқан дұрыс болар еді. Одан кейін вузда немесе әркім өзінше жалғастыра жатар. Жақсы программист болу аса қиын шаруа емес. Ол қаржы салуды керек етпейді. Тек еңбек пен ізденіс қана керек.

Информатикаға келетін болсақ, бұл жас ғылым түріне жатады, мұнда ашылмай жатқан дүниелер аса көп. Әркім-ақ осы бағытта өз бағын сынап көруге болады. Алғашқы оқулық ретінде осы мен ұсынып отырған оқулық-программа толығымен жеткілікті болады. Мектептердегі оқу жүйесінен бастап бүкіл вуздарда информатика пәнін оқытуға дұрыс көңіл бөлінуге тиісті.

Оқулықтың өзінің редакторы бар. Бұдан басқа оқулық құрамында әлемдік ірі бағдарлама жасаушылардың көптеген жұмыстарын тікелей шақырып алып пайдалануға толық мүмкіндік жасалған. Оқулық негізінде талапты оқушы материалды өз бетімен меңгеретіндей қазақ және орыс тілдерінде жеңіл тілмен жазылған.

Оқу жүйесі заман талабын қанағаттандыруға тиісті. Біздің заманымыз – информатика заманы. Компьютерлік техника мен оның программасы қарыштаған заман. Балалардың ойыншығынан бастап, астыңыздағы мініп жүрген машинаны қоса есептегенде, бүкіл техника әлемі информатикаға тәуелді. Информатика дегеніміз,қазіргі техниканың миы деп есептеуге болады. Ал оның келешегі одан да әрмен тереңге кетеді. Мектеп дирекциясы мен вуздардың ректорлары осы мәселеге қатты көңіл бөлгені дұрыс болар еді, өйткені Сіздер мыңдаған адамдармен жұмысты ұйымдастырасыздар. Елімізде ғылымның, оның ішінде ақпараттық ғылымның дамуы тікелей сіздерге байланысты болады. Мен Сіздерге әлі ешбір елде жазылмаған екі оқулық-бағдарлама түрін ұсынбақпын. Құны турасында мен сөз қозғамай-ақ қояйын. Құнын өздеріңіз шамалап, әр баланың компьютеріне түсірілетіндей мыңдаған данасын алауларыңызға болады. Ақысыз-ақ беруге болар еді, бірақ ырымға ол дұрыс боламайды, аз болса да бала ақша төлеп алғаны дұрыс қой. Бұл жұмыстар пайдалану жағын алғанда Майкрософт және Borland компанияларының жұмыстарына өте жақын келеді, ал ішкі дүниелері бағдарлама жасауды ұйретуге арналған мүлдем жаңа жұмыстар. Үйренуде ешбір қиындық туындамайды. Қаласаңыздар, автордың барлық жасаған жұмыс түрлері бойынша автордың оқушылары дистанциялық түрде консультациялар өткізе алады.

Оқулық-программа құны 3000 теңге немесе 20$. Оқулық көшірмесі Интернет арқылы беріледі. Ол үшін мына адреске хабарласыңыз: 8(775) 961 2985

This electronic textbook teaches the method of programming Microsoft and Borland. Currently, all the hardware and software is available only in English. Therefore, it was decided to create an electronic textbook in three languages ​​at once in English, Russian and Kazakh languages.

Electronic textbook covers all areas of modern software, so anyone can create their own kommerchesikie program. Electronic textbook for pupils, students and people who want to engage in prgrammirovaniem.

The cost of the textbook 3,000 tenge, or $ 20. A copy is available on the Internet. To do this, please contact:

Математика

Мұнда жоғарғы математиканың барлық бөлімдері қарастырылды деп айтуға болады. Әдепкі оқыту түрінен айырмашылығы мұнда бағдарламалық жолмен оқыту түріне баса көңіл бөлінді. Оқытудың бұл түрі әрі адамға жеңіл, әрі пайдалы, өйткені математика осы заманғы программаларды пайдалану арқылы оқытылады. Мұнда да материал қазақ-орыс тілдерінде берілді. Бұл оқулық-бағдарламаның ”Математикалық физика теңдеулері” бөлімінде матфизика есептерін шешудің бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа нұсқалары ұсынылады. Мысалы, мұнда бұрын шешімі табылмаған Навье-стокс теңдеулері сияқты теңдеулердің шешімдері беріледі. Жалпы оқулық математикамен қатар осы заманғы программа жасау жолдарын меңгеруге арналған. Соңғы мәселеге баса көңіл аударылған. Математиктерге информатиканы меңгеру аса қиын болмайды. Мен де математикпін ғой, бірақ меңгердім. Меңгермесем осы екі оқулық-бағдарлама, мына сайт та болмас еді. ”Математикалық физика теңдеулері” бөлімі жеңіл тақырыптарға жатпайды, сондықтан да ол аса қызықты, тартымды. Мұндағы есептердің бәрі бұрын шығарылмаған есептерге жатады

Бұл жұмыс та коммерциялық түрге жатады. Бағасы 2000 теңге.

Коммерциялық емес тек сайт қана. Сайтты талаптанған адам өзі жасай алады. Қиналған жерінде мен қол үшін беруге дайынмын.

Сайт және ондағы электрондық оқулықтар бойынша сұрақтарыңызды мына адреске жолдаңыздар: Электронная пошта: sarmataev@gmail

Құрметпен Сарқытбек Матаев

Сайт бойынша іздеу

Домен мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz