Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

Матфизика есептерінің шешімдері

Кіріспе

CSS (Стилдердің каскадты кестесі) – бұл адамзаттың тамаша жетістіктерінің бір. Бұл арқылы веб-сайттар құру автоматтандырылады, жұмысты көп жеңілдетеді. Осы тамаша технологияны пайдаланып, аса көп беттердің сыртқы түрін оңай басқаруға болады. Стилдердің бір ғана кестешесін пайдаланып, әдемі менюлер, әртүрлі эффектер құруға болады.
Стилдердің каскадты кестесі веб-дизайнде жаңа мүмкіндіктер ашады. Онсыз сапалы дизайн құру қиынға соғады.

Ең бастысы CSS пайдаланып сіз аса көп уақытыңызды үнемдейсіз. Стилдердің бір кішкене файлын пайдаланып жүздеген мың жолдардың дизайнін басқара аласыз. Бұл қызықты емес пе?

Бұл оқулық анықтамалық жүйе емес, бәрі жай тілмен жазылған материалдар. Бұл оқулық Сізге стилдердің кестесін оқуға көмектеседі.
Мынау есте болу керек, HTML білмей тұрын CSS оқу іс жүзінде мүмкін емес, және сондықтан оны егер білмеітін болсаңыз, әуелі html оқулығын оқу керек.

Оқулықтағы мысалдар былайша құрылған: мен стилдер кестесінің кодын ғана көрсетемін, ал бастапқы html файлы кодын көрсетпеймін. Былай болуының себебі оқулық көлемінің аса үлкен болып кететіндігі. Сонымен егер сізге керек болса, бастапқы html кодын қарау, онда мысалға оң тетікті басып, Просмотр html-кода пунктін таңдау керек.

Оқу үшін бізге не керек?

Оқу үшін бізге браузер мен блокнот керек. Мен, мысалы, Internet Explorer пайланамын. Басқа да браузерлер бар Сіз оларды да пайдалана аласыз. Браузерле web-бет қаралады, ал блокнотта код жазасыз. Бұдан басқа автоматтандырылған программалар бар (Dreamweaver, FrontPage және басқалары.) Бұларды әуелі негізді түсінген соң пайдаланған дұрыс болады. Практикаға көп көңіл бөлген дұрыс.

Қараңыз

Келесі - CSS деген не

Сайт бойынша іздеу

Оң жақ

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz