Сайтқа ену

Оқулықтар

Интеннетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

DDD

Кіріспе

HTML тіліне қысқаша тоқталамыз. HTML сөзі HyperText Marker Languange (мәтінді белгілеу тілі) cөзінің қысқаша түрі. HTML не екенін білу үшін, кезкелген сайтқа еніп, Вид(View) | Просмотр HTML-кода мәзірін таңдаңыз. Әртүрлі түсініксіз таңбашаларды көресіз. Оны біздің құрған index файлынан да байқайсыз.

Index файлын ашыңыз да мына әмірді орындаңыз: оң тетікті index файлына нұқыңыз да Открыть с помощью... таңдаңыз. Блокнот таңдаңыз. Одан да түсініксіз белгішелерді байқайсыз.

FrontPage бағдарламасында index файлын ашыңыз. Төменде үш тіркемені байқайсыз: Нормальный, HTML, Просмотр. Біз осы уақытқа дейін Нормальный тіркемеде жұмыс істедік. Просмотрде браузерде қалай көрінетініні байқауға болады. HTML тіркемесіне нұқысаңыз, одан да түсініксіз белгішелерді көрсесіз.

Бұл түсініксіз белгішелер HTML коды. Сонымен, Интернет-сайт тұтасымен HTML кодтан тұрады. Біз әуелі FronPage бағдарламасымен таныстық. Бұл бағдарлама берілген әмір бойынша HTML кодты өзі құрады. Бірақ бағдарлама әдетте артық HTML код құрады. Ол Интернет жұмысын шабандатады. Бетті қотару жылдамдығы оның көлеміне байланысты болады. Бетте мәтін ғана емес суреттер де болады, ол суреттерге HTML код сілтеме жасайды. Соңғыға қосымша уақыт қажет болады және ол ашылған сурет өлшеміне тәуелді болады. Сурет өлшемін қысқартуға болады. Оған біз кейінірек ораламыз.

Әуелі біз HTML кодына тоқталамыз. Қарапайым мысалдан бастаймыз. Блокнот бағдарламасын ашамыз да онда мынадай мәтін жазамыз:

<html>

<head>

<title> Ардақ Мұсаның үй жұмысы </title>

</head>

<body>

Сәлем, Мен Ардақ Мұса, студентпін

</body>

</html>

Тег деп HTML кодын жазуға қолданылатын "<" белгіше. Тегтер ашылмалы және жабылмалы болып келеді. Жабылмалы тег алдына "/" жазылады. Бұлар жұп болып жазылады.

Тегтердің мән-мағынасы:

<html></html> - HTML құжаттың басы мен аяғы;

<head></head> - HTML құжаттың тақырыбы;

<body></body> - дене деп аталатын беті.

Бұл тегте FrontPage бағдарламасында Нормальный тіркемеде жазылғандар бейнеленеді.

Бұдан әрі HTML негізгі тегтерінің анықтамасы айтылады. Әр тегтің іс-жүзінде жұмысын тексеру үшін, Блокнот бетін ашыңыз да, жаңа тег қосып сақтау жасаңыз. Сосын бетті браузерде ашып, "обновить" тетікке нұқып, нәтижені қараңыз.

Әр тегтің көптеген өзіндік сипаттары бар. Әр тегте бір немесе екі атрибут қолданылады, бірақ атрибутсіз болмайды. Атрибут мен оның мәні былайша жазылады. Әуелі атрибут аты, сосын = теңдік белгісі және атрибут мәні, мысалы, 1.

Атрибут мәні бір немесе екі тырнақшаға алынып жазылады, мысалы, ('1'), ("1"). Егер атрибут мәні тек ағылшын әріптерінің нышандарынан тұрса (A-Z, a-z), онда тырнақшаны жазбауға да болады. Егер атрибут мәні http://prostosite.ru/ типті адрес болса, атрибут міндетті түрде тырнақшаға алынып жазылуы керек. Бірақ "index.htm" немесе "images/fon.gif" типті адрестер болса, тырнақшаны жазбауға да болады.

Енді тег түрлеріне тоқталамыз. Мына мысалды қарастырамыз:

<html>

<head>

<title>Құжат темасы</title>

<head>

<body>

<h1>Тақырып 1</h1>

<h2>Тақырып 2</h2>

<h3>Тақырып 3</h3>

<h4>Тақырып 4</h4>

<h5>Тақырып 5</h5>

<h6>Тақырып 6</h6>

</body>

</html>

Бұл кодтарды блокнотқа көшіріп жазыңыз да атау беріп Сақтаңыз. Мысаы аты 02.txt болсын. Сосын Файл|Сохранить как әмірі арқылы файлды басқаша сақтаңыз: 02.htm.Бұл файлды ашу үшін Файл|Открыть орындаңыз. Открыть терезесі ашылады. Осы терезенің оң жақ ең төменгі бөлігі арқылы Барлық файлдар әмірін орындаңыз. Ашылған бетте 02.htm файлын көресіз. Осы файлға тінтуірдің оң тетігін нұқысаңыз мени шығады. Одан Ашу тәсілі|Internet Explorer таңдасаңыз, браузер терезесі ашылады да онда Сіз мынадай жазуларды көресіз:

Тақырып 1

Тақырып 2

Тақырып 3

Тақырып 4

Тақырып 5
Тақырып 6

Бұл браузерде бейнеленген жоғарыда келтірілген код нәтижесі. Бұдан былай Сіз көп мысалдарды қарайтын болсаңыз жоғарыда айтылған әрекеттерді қайталауға тура келеді.

Қараңыз

Келесі - web-құжаттың құрылымы

Сайт бойынша іздеу

Мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz