Сайтқа ену

BBB

Интернетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

DDD

HTML тілі турасында

Web –шолушы шығаратын Web – беттер қалай құрылады? Олар қайдан алынады. " WWW деген не? Жалпы Интернет деген не? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Сонымен Интернет деген не, ол қалай жұмыс істейді? Интернет – бір- бірімен байланысты компьютерлер жиыны, яғни желілер мен қолданушылар жиыны. Қолданушылар желіге модем арқылы қосылады. Қолданушылар желіге жоғарғы жылдамдықты байланыс арналары арқылы қосылады. Бұлардың арасындағы байланыс программалық кодтар арқылы т.б. орындалады. Егер Сіз көбірек білгіңіз келсе, арнай әдебиеттерді оқу керек.

Web –беттердің қалай құрылатынына тоқталамыз. Ол үшін арнайы тіл HTML HyperText Markup Language — гипертекстук белгілеу тілі қолданылады. Бұл тілде тегтер деп аталатын арнайы командалар берілген. Бұл командалар Web –беттегі элементтерге қолданылады. Ерекше тегтер тек тексті ғана емес, аудио, видео бейнелерге де қолданылады. Бұл сырттай күрделі көрінгенмен негізінде олай емес. Қалаған адам оны оңай меңгере алады. Бұл блокнота немесе басқа редакторде жазылған мәтін сияқты, тек арнайы тегтермен жазылады.

Сол тегтер арқылы Интернет беттер құрылады.

Мысал ретінде блокнота мынадай мәтін жазайық.

<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Web- беті </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
<H1> Пример Web – беті мысалы</H1>
<P>Бұл кәдімгі <I> Блокнотта </I>жазылған ең қарапайым Web – бет және ол <I>Microsoft Internet Explorer</I> браузерінде бейнеленеді.</P>
</HTML>

Бұл файлды 01. htm атпен блокнотта сақтаңыз. Сосын жазылған файлды Web –шолушы – браузерде ашыңыз. Ол үшін файлға екі рет нұқыса жеткілікті.

<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Web- беті </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
<H1> Пример Web – беті мысалы</H1>
<P>Бұл кәдімгі <I> Блокнотта </I>жазылған ең қарапайым Web – бет және ол <I>Microsoft Internet Explorer</I> браузерінде бейнеленеді.</P>
</HTML>

Бұл сырттай қарағанда күрделі көрінер. Ал бұл браузерде жақсы көрінеді.

Web – беті мысалы

Бұл кәдімгі Блокнотта жазылған ең қарапайым Web – бет және ол Microsoft Internet Explorer браузерінде бейнеленеді

Енді осыны талдап көрейік.

<H1> Web – беті мысалы</H1>

Бұл тегтегі жазу толық қаріппен жазылған. Ал <I> Блокнотта </I> және

<I>Microsoft Internet Explorer</I> жазуларының қисайта жазылғанын байқаймыз.

Қандай да бір жазулардың тегке алынып жазылғанын байқаймыз. Оларды HTML тегтері деп айтады. Олар арқылы мәтін әдемі жазылады. Интернет беттен сіздің көрген мәтін браузердің HTML-мәтінді түрлендіруі болып табылады. Браузер мәтінді Web – бетте дұрыс бейнелеу үшін мәтінге арнай тегтер қойылады. Ол тегтер тақырыпты, тізімді, цитаталарды, абзацты, суретті, дыбысты көрсету үшін қолданылады. Бұл тегтерді браузер программасы оқиды да, сәйкес оны өңдеп қолданушыға ұсынады. Осыны біз html тілі деп айтамыз.

.

Қараңыз

Келесі – Түсірдірмелер қыстыру

Алдыңғы - ht html тіліне кіріспе

Сайт бойынша іздеу

Мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz