Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

DDD

Формамен жұмыс жалғасы

Біз тағы бір үш элементті талдаймыз. Ретімен айтсақ:

< p>Жеткізу тәсілін таңдаңыз:

< p>
<select name="dostavka" size="1">
<option value="srochnaya" > Жедел </option>
<option value="ne srochnaya" selected> Жедел емес </option>
<option value="kurierom"> Курьермен </option>
</select>

Нәтиже:

Выберите способ доставки:

Базалық элемент SELECT(выбор) . Жабатын тегі бар. Оның ішінде OPTION (опцияны таңдау) элементі бар. Option элементсіз элемент select элементінің мәні болмайды, өйткені алатын ештеңе болмайды.

SELECT элементінде name атрибуты бар, ал OPTION элеменінде value мәні бар (бұл элементте select міндетті атрибут емес). Олар таңдалған үлгіні айқындау үшін қажет.

Мысалы, жеткізу әдісін таңдаймыз - Жедел. Сол кезде dostavka айнымалысы srochnaya мәнін қабылдайды. Егер value="srochnaya" мәні болмаса, онда dostavka айнымалысы Жедел мәнін қабылдаған болар еді (яғни мәтін мәнін option элементінде алынған).

SIZE атрибуты менюдің бір мезетте көрінген пунктер санын береді. Біздің жағдайда бұл 1.

SELECTED жалауша атрибуты берілген мәндерді білдіреді, әдепкіде алынған.

Ctrl клавишін басып тұрып менюдің бірнеше пунктерін алу жағдайын жасауға болады. Ол үшін MULTIPLE атрибут-жалауша қолданылады.

< p> Жеткізу әдісін таңдаңыз:

< p>
<select name="dostavka" size="3" multiple >
<option value="srochnaya" > Жедел </option>
<option value="ne srochnaya"> Жедел емес </option>
<option value="kurierom"> Курьермен </option>
</select>

Нәтиже:

Жеткізу әдісін таңдаңыз:

Тағы бір элементті талдайық:

Жеткізу адресін енгізіңіз:

<textarea name="adress" cols="45" rows="5"></textarea>

Нәтиже:

Жеткізу адресін енгізіңіз

Үлкен мәтіндік өрістерді құру үшін TEXTAREA элементі қолданылады. Бұл элементте жабатын тег бар. Мұның name атрибуты бар, ол серверде толтырылған өрісті анықтайды. Мұнда value параметрі жоқ, өйткені өңдеуші мәні ретінде мәтіндік өріске енгізілген мәтінді жібереді.

COLS және ROWS атрибуттері өріс ені мен биіктінін анықтайды. Мысалы, cols="45" rows ="5" дегеніміз ені 5 қатар 45 бағаннан тұрады дегенді білдіреді. Бағандар мен қатарлар символдардан тұрады. Яғни ені 25 баған дегеніміз ені 25 символдан тұрады..

Енді кнопка турасында сөз қозғаймыз:

& nbsp;

Результат:

Кнопка құру үшін бізге таныс INPUT элементі қолданылады. Егер деректерді өңдеушіге жіберуді керек ететін кнопка құру керек болса, онда жазамыз type="submit"(тип-жіберу), ал егер кнопка болдырмау функциясын қажет етсе, онда жазамыз type="reset" .

value атрибуты кнопкада не жазылғанды білдіреді. Ал мына жолдар        - бұл қатарынан келген 6 бос орын (бұл html арнайы символдары) бұл кнопкаларды қатарынан бөлек қою үшін қолданылды. Енді біз бәрін жасай аламыз деуге болады. Енді келесі бөлімде өңдеуші туралы сөз етеміз.

Қараңыз

Келесі - Жұмыс үстіндегі форма
Алдыңғы html формасы деген не және ол неге керек

Сайт бойынша іздеу

Мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz