Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

Матфизика есептерінің шешімдері

Құжат басы туралы бірер сөз


Осы уақытқа дейін құжатта не жазылатыны туралы және беттерді қалай құру туралы сөз қозғадық. Енді құжат басы туралы сөз қозғаймыз.

Алғашқы бөлімде құжат басы <HEAD> арқылы берілетінін айтқанбыз. Жабатын тегі бар. Құжат басында қандай элементтер болуға тиісті?

Біріншіден құжаттың атауы - TITLE элементі. Мұның жабатын тегі бар. Бұл маңызды элемент.

TITLE элементіндегі ақпарат браузер терезесінде көрсетіледі(жоғарыда сол жағынан), және сондықтан сайтқа қатысушылар үшін өте маңызды ақпаратты элемент.

Егер TITLE былай деп жазсақ:

<title>Сайт құру оқулықтары. Сайт құрылымы </title>

Деп жазсақ мұның бірінші 70 символы Гугл және басқа іздеу жүйелерінде көрсетіледі. Әдетте онда сайттың таралымына қатысты кілттік сөздер қолданылады.

Екіншіден сайт бетінің суреттемесі. Бірінші 170-200 символдар іздеу кезінде көрінеді гуглде сондықтан ол өте маңызды ( скриншоттан жоғары суреттеме бұл " Сайт құрып, таратуды қалайсыз ба......")

<META NAME="Description" CONTENT=" Сайт құрып, желіде таратуды қалайсыз ба ..... тағы басқа.">

Бұл жерде META элементі қолданылды, жабатын тегі болмайды, атрибуты NAME(бұл жағдайда мета-жазба атын анықтайды, суреттемесі - description ) и CONTENT (мета-жазба мәнін анықтайды).


Үшіншіден бұл кіттік сөздер жиыны. Қазір бұл маңызды емес, ешжерде қолданылмайды. Пайдаланбаса да болады. Бұрын бұлар іздеу жүйесінде қолданылатын. Жалпы жағдайда бұл былай беріледі:

<META NAME="Keywords" CONTENT="Сайт, интернет, htm, css">

Яғни бұл да сол, тек мета-жазбаның басқа аты NAME="Keywords" (кілттік сөзінен).

Құжат басын былай беруге болады:

<head>
<title>Сайты қалай құру керек</title>
<meta name="Description" content="Егер өз сайтыңызды құруды қаласаңыз, сіз адреске түстіңіз!">
<meta name="Keywords" content="Сайт, интернет, html, css">
</head>

Бұдан басқа құжат басында стилдер кестесі бекітіледі, бұл турасында CSS курсында айтамыз.

Қараңыз

Келесі - Интерфейстік элементтер
Алдыңғы – Жұмыс үстіндегі форма

Сайт бойынша іздеу

Мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz