Сайтқа ену
Оқулық-бағдарламалар
Интернетке орналастыру
OOO
Матфизика есептерінің шешімдері
Гиперсілтемелер
Әдетте web беттерде мәтін мен гиперсілтемелер болады. Мәтіндер ақпаратты ұсынса, гиперсілтемелер web беттерді ашуға ашуға мүмкіндік береді. Web бетте гиперсілтеменің екі түрі қолданылады: сыртқы гиперсілтемелер және ішкі гиперсілтемелер.
Сыртқы гиперсілтемелер ағымдық web бетті басқа серверлермен орналасқан (мысалы мұқиттың арғы жағындағы) байланыстырады. Ішкі гиперсілтеме ағымдық бетті осы web сайттың басқа беттерімен немесе осы беттің басқа бөлігімен байланыстырады.
Гиперсілтнмелер құру үшін  және  тегтері қолданылады. Осы тегтер арасына гиперсілтеме адресі жазылады. Ол мәтін немесе бейне болуы мүмкін.
Сыртқы гиперсілтемені анықтау үшін href атрибутінде сыртқы беттің адресін былайша беруге болады
Әлеуметтік жағдай
Браузерде Әлеуметтік жағдай сөзін көреміз
Ағымдық web беттің басқа бетіне гиперсілтемені көрсету үшін href атрибутіне керекті бет жазылған файл атын көрсету керек. Мысалы,
Бастапқы бет
Бастапқы бет сөзіне нұқыған кезде, браузерде ағымдық сайтта орналасқан index.html беті қотарылады.
Беттің белгілі бір орнына сілтеме. Басқа бетті қотару кезінде пайда болатын проблемалардың бірі бағдарламашы беттің аяқ жағында орналасқан ақпаратты бергісі келсе де, беттің басынан бастап ашылуы болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін web беттің белгіленген орнына гиперсілтемені құру керек. Басқа беттегі белгіленген орынға гиперсілтеме құру екі этаптан тұрады.
· Гиперсілтемеге нұқыған кезде терезенің жоғарғы жағына шығарылуға тиісті басқа беттің сол орнына анкер құрыңыз
· Басқа бетте орналасқан аркерге қатысушыны бағыттайтын сілтеме құрыңыз
Анкер құру үшін мына мысалдағыдай NAME атрибуты қолданылады
Бұл тег экранға Тема 2 мәтінін шығарады да оған KOS анкерін береді. Анкер құрылған соң анкерді көрсететін гиперсілтеме құру керек. Мынау есте болу керек: анкерлер аты әріп регистрін ажыратады.
Гиперсілтеме анкерді көрсету үшін href атымен берілген файл атына анкерді көрсету керек, одан соң анкер атына # белгішені қою керек:
Бұл келтірілген код экранға Тема 2-ге өту сөзін шығарады, бұл гиперсілтеме болады. Оған нұқыған кезде браузер index.html бетті қотарады да оның Тема 2 сөзі экранның жоғарғы жағына орналасады.
Сайт бойынша іздеу
Мазмұны
Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz