Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернетке орналастыру

Оқулық бағдарламалар

Матфизика есептерінің шешімдері

HTML WEB ортасында құжаттарды белгілейтін тіл. WEB ортасында құжаттарды дұрыс белгілеу үшін HTML тілінің негізін білу керек. Интернеттен біздің көретіндеріміздің бәрі HTML-мәтінді браузердің түрлендіруі. Браузер мәтіннің жазылуын түсінуі үшін оған тегтер арқылы белгелер қойылады. Ол тегтер мәтіннің тақырыбын, абзац, қалың әрппен жазылатын жерлерін, параграфтарын, тізімдерін тегтермен белгілейді. Осы белгілеулерді біз тілі деп атаймыз.
HTML –
кодті көру үшін мәтін тақырыбына екі рет жеткілікті. Ал оған сәйкес келетін WEB бетті қарау үшін мәтін тақырыбына оң тетікті нұқу керек. Ашылған терезеден Ашу тәсілі| Internet Explorer таңдаңыз. HTML тілі сырттай қарағанда күрделі көрінген жеңіл тілге жатады. Мұны жазумен айналысатан адамдар, ғылым адамдары, жалпы қалаған адам оңай меңгере алады.

HTML тілін меңгеру үшін не керек?

Ол үшін компьютер Internet Explorer және Блокнот болса жеткілікті. Блокнот арқылы әртүрлі мәтіндердіе HTML тегтерін қойып, жаттығасыз, сосын оның браузердегі бейнесін қарайсыз. Сөйтіп әр тегтің мән-мағнасын терең түсініп аласыз. Содан кейін Майкрософттың FrontPage бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Бұл программа Сізге қажетті кодтарды өзі ұсынады. Бұдан басқа Adobe Dreamweaver программасын пайдалануыңызға болады. HTML и CSS оқу үшін ең қолайлы редактор Блокнот. Мұнда қажетті кодтар ешбір боямасыз дәл жазылады. Алғашқы түсінік үшін бұл пайдалы. Осыдан кейін басқа жұмысты жеңілдетететін басқа программаларды пайдалануыңызға болады.

Html тегтері

Блокнотта жазылған мына тексті қарастырайық.

1.htm.

<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Web-
беті </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
<H1>
Пример Web – беті мысалы</H1>
<P>
Бұл кәдімгі <I> Блокнотта </I>жазылған ең қарапайым Web – бет және ол <I>Microsoft Internet Explorer</I> браузерінде бейнеленеді.</P>

</BODY>
</HTML


Бұдан біз кейбір сөдердің тегке алынып жазалғанын байқаймыз. Бұлар HTML тегі. Бұл тегтер тексті әрлеп жазады. Мысалы, <I> Блокнотта </I> сөзі курсивпен жазылады. Тегтер ашылмалы және жабылмалы болады. < I > тегі ашылмалы, ал </ I > тегі жабылмалы.

Бұлардан басқа мысалдан <P> және </P> тегтерін байқаймыз. Дәлірек айтсақ

<P>Бұл кәдімгі <I> Блокнотта </I>жазылған ең қарапайым Web – бет және ол <I>Microsoft Internet Explorer</I> браузерінде бейнеленеді. </P>

Бұл тегтер мәтінді блоктарға бөлу үшін қолданылады. Блоктардың ішінде басқа тегтер де орналасады. < H 1 > және < /H 1> тегтеріне текст тақырыбы жазылады. Жазылған мәтінді браузер әрлеп жазады.

<TITLE>Web- беті </TITLE> тегіне web-беті тақырыбы жазылады. Web –беті тақырыбы мен әдепкі мәтіндік тақырыпты шатастырып алмау керек. Әдепкі тақырып < H 1> тегімен беріледі. Бұл жоғарғы деңгейлі тақырып. Төменгі деңгейлі тақырыптар < H 21>, < H 3>, < H 4>, < H 5>. < H 6>< H 7>< H 8> тегтерімен беріледі. Осы қызметтік ақпаттың ішінде бет атауы да болуы мүмкін. Ол Web –шолушыда көрсетіледі және ол жұп
< TITLE >. . .</ TITLE >
тегімен беріледі

Сонымен біздің web беттің тақырыбы
<HEAD>
<TITLE>Web-
беті </TITLE>
</ HEAD

Тақыыпта тек < title >. . .</ title > арасына беттің атауы ғана болады. Көпшілік басқа жағдайда Web-шолушыға және басқа бағдарламаларға қажетті басқа деректер тұрады. Ол Интернет пен браузердің дұрыс жұмысын қамтамасыз етеді. Біз әзірге оларды қарастырмаймыз

Жұп тегтер < body >, . .</ body > арасына Web - шолушыда бейнеленуге тиісті текст бөлігі бөлігі жазылады. Бұдан басқа, Web – бетте жұп < head >. . .</ head > тегі қолданылады. Мұны да тақырыпқа жатқызуға болады. Осы екі арада жазылған барлық мәтінді тақырып деп есептеуге болады. Бұлар осы тег арасында орналасқан.

Беттің негізгі мазмұны былайша беріледі

<HTML>

<HEAD>

< TITLE> Web-бет</ TITLE>

<BODY>

</BODY>

<HTML>

Біз осы уақытқа дейін жұп болып келетін тегтерді қарастырдық, яғни ашылмалы тегке жабылмалы сәйкес келеді. HTML тілінде жалғыз беілетін тегтер де кездеседі. Солардың бірі графикалық бейнелерді қыстаратын тегтер. Мәтіндер ішінде суреттер де беріледі. Ол суреттер жалғыз <IMG> тегі арқылы беріледі. Мысалы,


< IMG SRC =" picture.gif " >


Бұл жерде біз графикалық бейне жеке picture.gif файлында сақталатынын байқаймыз. Сонымен, сурет Web –бетке енгізілетін енгізілетін элементтердің біріне жатады. < img > тегінің src параметрі бар, бұған бейне файлының аты беріледі. Мұндай параметрлер тег атрибуттері деп аталады. Web – шолушы HTML –коді бетінде < img > тегті кездестіріп, src атрибуте берілген файл атауын Web –бетке түсіреді.

1-мысалға қайта оралайық. Бұдан біз тегтердің белгілі бір тәртіппен ораласатынын байқаймыз. Бір тегтің ішіне екінші тег орналасатынын байқаймыз: < I > тегі < P > тігінің ішіне, ал < P > тегі < body > тегінің ішіне, ал < body > тегі <HTML > ішіне орналасқанын байқаймыз. Мұны схема түрінде былайша беруге болады.

< HTML >
< HEAD >

Құжаттың үлкен тақырыбы

</ HEAD >
< TITLE >

Web бет тақырыбы

< /TITLE >
< BODY >

Құжаттың мәтіндері


< H1>

Бірінші деңгейлі тақырып H бойынша

< /H1>
<P>

Мәтін үзіндісі

<I>
безендірулер

</I>

</P>

< / BODY >

< /HTML >
Шегініс шамасы тегтердің бірінің ішіне бір орналасатынын көрсетеді. < body > бірінші деңгейлі тегке жатады, ал тег <Н1> — екінші деңгейлі тег. Алдыңғы тег аталық, одан кейінгі тег аналық, одан кейінгілер ұрпақтық тегтер деп аталады. Мысалы < head > тегі үшін < HTML > тегі аталық болады, ал < title > тегі аналық болады. < body > тегінің ата-анасы < HTML > тегі , одан кейінгі тегтер ұрпақтық тегтерге жатады.
Web –
беттің бүкіл HTML –коды < HTML >. . .</ HTML > тегінің ішіне орналасқан. Бұл тег ең жоғарыда нолдік деңгейде орналасқан. Сондықтан оның ата тегі болмайды.

Бұл < HTML > белілеу тілі күрделі екен деп қалуыңыз мүмкін, Шындағында олай емес. Аздаған белгілеулерді меңгерген соң өзіңіз беттерді әрлей аласыз. Мысалы, келтірілген мысалда Microsoft сөзін толық қаріппен жазып көрейік. Ол үшін <B> </B> тегі қолданылады. <P> </P>

арасында жазылған сөзді <B> </B> тегтерімен қоршасақ жеткілікті, яғни

<P>Бұл кәдімгі <I> Блокнотта </I>жазылған ең қарапайым Web – бет және ол <I><Microsoft />Internet Explorer</I> браузерінде бейнеленеді. </P>. Осы енгізуді 1.htm ензіңіз де сақтаңыз да оны Web-шолушыда ашыңыз.

Пример Web -страницы

Это простейшая Web -страница, созданная в стандартном Блокнот и отображенная в Microsoft Internet Explorer.

Бұдан былай біз үнемі блокнот пен браузерді пайдаланамыз. Бүкіл мысалдарды қалта ашып сонда сақтағаныңыз жөн болады болады.

Бұл мысалдан HTML тілінде күрделі ештеңе жоқ екені байқалады. Тек тегтерді есте ұстау жеткілікті. Бұған әрине уақыт және тәжірибе қажет

Тег – HTML-кодтың негізі. Олар <html >, <body>,<h1>,<h2> тағы басқа кодтар. Барлық тегтер бірдей пішімде беріледі. Олар "<" басталады ">" тегпен аяқталады.Тек жабылмалы текте "/"жазылады. Тегті үлкен әріппен де кіші әріппен де жазуға болады.

Мысалы.

<h1> Ірі тақырып </h1>
<h2> Кішірек тақырып </h2>

<h3> Одан да кіші тақырып </h>

Мұндағы алғашқыны бірінші деңгейлі деп айтады, Қалғандары екінші және үшінші деңгейлі тақырыптар.

Тақырыптардың да параметрлері болады. Ол align сөзімен беріледі. Оны атрибутер деп атайды.

2-мысал. Блокнотта жазылған мына мәтінді браузерде жақсы көрінетіндей әрлеп жазыңыз. Мысалы мынадай мәтін берілсін.

Бірінші бөлім

Бірінші тарау

Ай сәулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иектеніп атып келе жатқан таңмен бірге шашақты сасыр, түйе жапырағы аралас, ат құлағы көрінбейтін көк шалғынды ылдидан қалың көш көрінді.

Аздан соң көгілдір аспанды алтын сәулесімен шарпи, қызарып күн де шықты. Төңірек сандықтан суырған гауһар тастай жалт-жұлт ойнап ғажайып сәулетті түрге енді. Жаз ортасы ауған шақ еді.

Тегтер қоямыз

<h1 align="center">Бірінші бөлім</h1>

<h2 align="center">Бірінші тарау</h2>

<p>Ай сәулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иектеніп атып келе жатқан таңмен бірге <i>шашақты сасыр, түйе жапырағы</i> аралас, ат құлағы көрінбейтін көк шалғынды ылдидан қалың көш көрінді.</p>

Аздан соң көгілдір аспанды алтын сәулесімен шарпи, қызарып күн де шықты. Төңірек сандықтан суырған гауһар тастай жалт-жұлт ойнап ғажайып сәулетті түрге енді. Жаз ортасы ауған шақ еді. Мұндағы тег <h2> атрибут align="center", ортасы бойынша теңестіру.

Сонымен Элемент дегеніміз жалпы түсінік.Мысалы, HEAD және </HEAD> құжаттың бір бөлігі ғана, бел тегдер осы екі арада жазылған мәтінге ғана әсері болады.

Бұл тегтерді HTML немесе браузердің атрибуттері деп атауға болады. Бұлар браузер жұмысына қажетті.

Қараңыз

Келесі - Алғашқы бетті құру

Алдыңғы – web-құжаттың құрылымы

Сайт бойынша іздеу

Мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz