Сайтқа ену

Оқулықтар

Интернетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

DDD

Web-құжат құрылымы. Түсіндірме қою

Web-шолушы әртүрлі бағдарламаларында Web-бет дұрыс бейнеленуі үшін HTML тілі барлығына ортақ стандартты болуы тиіс. Оны стандарттау және басқа да Интернет мәселелерімен World Wide Web Con ­ sortium немесе, қысқаша, WWWC деп аталатын арнайы үйым айналысады. WWWC салмақты томдар шығарды. Онда HTML стандартының әртүрлі нұсқалары жазылған. Соңғы нұсқасы 90-жылдардың аяғында шықты. Содан бері ол стандарт өзгертілген жоқ. Барлық осы заманғы Web – шолушылар осы соңғы нұсқаны ұстанады .
WWWC
стандарттаған HTML тегтерімен қатар Web –шолушылар көптеген стандартты емес тегтерді қолданады. Бұл тегтерді Web – шолушы бағдарлама жасаушылар енгізген, өздерінің бәсекелестерінің алдында басымдық алу үшін. Олар өздерінің енгізген фирмалық кеңейтулері HTML стандартыны айналады деп үміттенді, бірақ бұл үміт әлі орындалған жоқ. Сондықтан әркім HTML кодты өзінше жазып жүр. Бірақ бұл тегтер қалды, олар қолдау тапты. Біз стандартты тегтермен қатар осы тегтерді де пайдаланамыз, бірақ ескертеміз, мүмкін олар барлық бағдарламаларда қолдау таппауы мүмкін.
Нұсқа 4.01 HTML тілінің соңғы нұсқасы. Бұл біртіндеп өзінің ізбасары - XHTML ( eXtensible Hyper - Text Markup Language — гипертекстік белгілеудің кеңейтілген тілі) алмастырылу тиіс. Бұл тіл кең танымал XML ( eXtensible Markup Language — расширяемый язык разметки) деректерінің суреттеме тіліне негізделген, ол қолжетімді тегтер жиынын кеңейтуге мүмкіндік жасайды және машиналық өңдеуге аса қолайлы қатаң тіл деп есептеледі. Мұнда ескірген тегтер XHTML-ден алынып тасталған, бірақ әлі үйлесімділік мақсатында үшін HTML одан қолдау табады.
XHTML
эрасы қашан басталады ? Бола қояр мА екен. Әлі HTML талай жыл өмір сүруі мүмкін. Сондықтан барлық тегтерді жаттап алу мен жазылған Web – беттерді қайтадан жазуға асықпан жөн болар.

Web – бет HTML нұсқасын жариялаудан басталады. Әдетте ол былайша

<!htmTYPE HTML PUBLIC "-//W3C//DTD HTML 4.01 Transitional//EN"
"http://www.w3.org/TR/html4/loose.dtd">

Бұл дегеніміз браузерге HTML халықаралық нұсқасы 4.01 дегенді білдіреді. Мұны есте сақтау міндетті емес. Бірақ бұл барлық браузерлерде сайттың бірдей көрінуін қамтамасыз етеді. Қазірге кезде үш түрлі браузерлер бар: Internet Explorer,Opera, Firefox.

Құжаттың басы <html> тегтен басталады, </html> тегпен аяқталады. Осы тег ішінде құжат басы (<head></head>), ал құжат денесі (<body></body>) тегтер арасында орналасуға тиісті.

Әдетте құжаттың негізгі тақырыбы TITLE тегімен беріледі. Мұнда барлық техникалық ақпарат, әртүрлі кестелер, стилдер, мәтін, суреттер құжат денесінде тұрады

Құжат басы құжаттың ең басында тұрады. Әуелі құжат басы </HEAD> арқылы жабылады. Содан кейін <BODY> құжат денесі басталады. Құжатта бір бас, бір дене ғана болады.

Түсіндірме қыстыру: <!-- -->

Түсіндірме қою жазылған үлкен кодтарды талдау кезінде пайдалы болады.

2.htm

<!htmTYPE HTML PUBLIC "-//W3C//DTD HTML 4.01 Transitional//EN"
"http://www.w3.org/TR/html4/loose.dtd">

<html>
<head>

<h1> Бақша жемістері </h1>

</head>

<!—түсіндірме қыстыру -->

<body>

<!—
төменге бақша жемістерінің кестесін, сыпаттамасын қыстырамыз-->
< h2>
Бақшада өсетін жемістер: марковь, қырыққабат, пияз, алма ағаштары</h2>
. . .

</body>
<!—құжат денесі аяқталады-->

</html>

Түсіндірме мәтін браузерде көрінбейді. Ол мәтінді қарауға қолайлы болу үшін ғана қойылады.

Қараңыз

Келесі - Мәтінмен жұмыс істеу

Алдыңғы – Түсіндірмелер қыстыру

Сайт бойынша іздеу

Мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz