Сайтқа ену
Оқулықтар
Интернетке орналастыру
Оқулық-бағдарламалар
Матфизика есептерінің шешімдері
Мәтінмен жұмысты жалғастыру
Мәтін браузерде жақсы көріну үшін html әртүрлі элементтері қолданылады:
- STRONG
Толық әріппен жазу үшін қолданылады
- EM
Мәтінді курсивпен ерекшелеу үшін
- U
Мәтіннің астын сызу
- S
Мәтінді ортан белінен сызу
- SUP
Жоғарғы индекс құру
- SUB
Төменгі индекс құру
Қаріп түсін, типін, өлшемін өзгерту
- HR
Мәтінге көлденең бөлгіш сызықты қыстырады
STRONG – Мәтінді толық әріппен жазады. Бұрын <BOLD> (или  ) қолданылған, оны қазір де қолдануға болады, бірақ оны іздеу жүйесі қолдамайды.
Егер құжатта былайша жазсақ:
Бұл мәтін толық әріппен жазылады
Бұл да солай, бірақ іздеу жүйесі қолдамайды!
Браузерде:
Бұл мәтін толық әріппен жазылады
Бұл да солай, бірақ іздеу жүйесі қолдамайды!
EM ( Emphasis ) – Ашылмалы жабылмалы тегтер арасындағы мәтін курсивпен жазылады. Бұл тег  үқсас, бірақ соңғына іздеу жүйесі қолданылмайды.
Мысал келтіреміз:
Бұл мәтін курсивпен жазылады
Бұл да солай, бірақ іздеу жүйесі қолдамайды
Бұл мәтіннің асты сызылады!
Көңіл аударыңыз! Жаңа акция  50 000  20 000 тенге!
U(Underline) – мәтін асты сызылады
S(Strike) – мәтін ортан белінен сызылады
Браузерде
Бұл мәтін курсивпен жазылады
Бұл да солай, бірақ іздеу жүйесі қолдамайды
Бұл мәтіннің асты сызылады!
Көңіл аударыңыз! Жаңа акция 50 000 20 000 тенге!
FONT – тегтерінің арасындағы қаріп, өлшемі, түсі өзгертіледі
Атрибуттері:
SIZE – Қаріп өлшемін анықтайды. Мүмкін мәндері - 1 , 2 , 3 , 4 , 5 , 6 , 7.
COLOR – Мәтін түсін анықтайды. Оналтылық жүйеде RGB-мәндерімен немесе 16 базалық түспен беріледі.
FACEқолданылатын қаріпті анықтайды. Негізгі қаріп түрлері Times New Roman, Arial, Tahoma, Courier, Courier New.
Егер құжатта жазылса:
Мынау жай мәтін
Мынау ұлғайтылған қызыл мәтін
Мынай сия түстес 3 мәтін
Браузерде қарайық. Мұны көшіріп алып блокнотқа қоясыз, htm файлы ретінде сақтайсыз. Алдыңғы бөлімдерде бұл туралы толық жазылған.
Мынау жай мәтін
Мынау ұлғайтылған қызыл мәтін
Мынай сия түстес 3 өлшемді мәтін
Егер SIZE="+2" жазылса, онда стандартты қаріппен салыстырғанда, онда 2 бірлікке ұлғайтады деген сөз. Әдепі стандартты қаріп өлшемі тең 3 .
Ескерту: Бұдан әрі (css оқыған соң) жалпы типпен байланысты қаріп өлшемі мен түсті стилдер кестесі арқылы жасау керек. Бұл аса қолайлы, мәтінді пішімдеудің көптеген элементтері FONT элементінің ішінде орналасқан, дұрыс жұмыс істемейді.
HR- мәтінге көлденең сызық қояды. Жабатын тегі жоқ!
Атрибуттері:
WIDTH – пикселмен немесе процентпен берілген сызық ұзындығын анықтайды браузер терезесінің еніне қатысты.
SIZE – пикселмен берілген өлшем.
ALIGN – көлденең сызықты теңестіруді анықтайды. Атрибут мынадай мәндер қабылдайды:
left – құжаттың сол жағымен теңестіру.
right – құжаттың оң жағымен теңестіру.
center – құжаттың ортасымен теңестіру (әдепкіде қолданылады).
NOSHADE – сызықты тұтас бояу әдісін анықтайды. Атрибут – жалау, мән көрсетуді керек етпейді. Осы атрибутсыз сызық көлемді бейнелейді.
COLOR – сызық түсін береді. Оналтылық жүйеде не RGB-мәнін пайдалануға болады, немесе 16 базалақ түсті. Атрибут тек Internet Explorer программада жұмыс істейді.
Мысалы:
Мына мысал қалыңдығы 2px сызық және noshade жалаусыз
Браузерде:
Сызыққа дейінгі мәтін
Сызықтан кейінгі
Мына мысал қалыңдығы 2px сызық және noshade жалаусыз
Келесі - html сілтемелерін қарастыру
Алдыңғы – Мәтінмен жұмысты жалғастыру
Сайт бойынша іздеу
Мазмұны
Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz