AAA

Оқулықтар

Интернетке орналастыру

Оқулық-бағдарламалар

Матфизика есептерінің шешімдері

Html сілтемелері

Құжат бірнеше көптеген беттерден тұратын болса, бір беттен басқа беттерге өту үшін сілтемелер қоюға тура келеді. Сол сияқты басқа сайттарға да сілтеме жасауға болады. Сілтеме интернетте негізгі роль атқарады. Онсыз интернет болмас еді. Сілтеме құру өте жеңіл.Оның бір ғана атрибуты болады. Мысалы,

<a href="http://www.akorda.kz">Бұл Ақорда сайтына сілтеме </a>

Браузерде бұл былайша көрінеді

Бұл Ақорда сайтына сілтеме

<a> мен </a> тегтерінің арасындағы мәтін сілтеме мәтін болады. Ал параметр href сөзі "hypertext reference/гипертекстовая ссылка" қысқартылған түрі, бұл орнын көрсетеді. Әдетте бұл интернет адресі немесе файл аты болып келеді.

Екі беттің арасына сілтеме қалай қойылады?

Бір веб-сайттың екі арасына сілтеме қою да оңай. Мысалы, бір қалтада орналасқан page1.htm и page2.htm беттері берілсе, page1 бетінен page2 бетіне сілтеме жасау үшін

<a href="page2.htm"> page2 бетіне өту үшін осы жерге нұқу керек </a>

Браузерде бұл

page2 бетіне өту үшін осы жерге нұқу керек

жалпы сайттарда осында көк жазуларға нұқу арқылы басқа бетке өтесіз, яғни өткіміз келетін беттің атын жазса болды. Егер page 2 беті қалта ішінде тұрса, мысалы, "Kalta", онда сілтеме коды

<a href="Kalta/page2.htm"> page2 бетіне өту үшін осы жерге нұқу керек </a>

Кері бағытта page 2 беттен page1 бетке өту үшін

<a href="../page1.htm"> page1 бетке өту үшін осы жерге нұқу керек </a>

Мұндағы "../" белгісі бір деңгей жоғары тұрған қалтаға өтуді білдіреді

Бет ішінде сілтеме қалай жасалады?

Кейде беттің басына немесе керісінше аяғына сілтеме жасауға тура келеді, мысалы мазмұннан тарауға өту. Мұны жасау қиын емес. Ол құжаттың керекті жерін мынадай конструкция арқылы белгілеу керек:

<!—бұл әдіс тақырыптарды белгілеу кезінде қолданылады -->
< h2 id="razdel1">Бөлім
1</h2>
<!—ал мына белгіне керек жердің бәріне қоюға болады-->
<h2> <a name="razdel1"></a> Бөлім 1: </h2>

Енді Сіз белгіленген облысқа сілтеме жасай аласыз (бұл жағдайда Бөлім1) # таңбашадан кейін оның атын көрсету керек.

Бөлім 1 сілтеме былайша болады:

<a href="#razdel1"> Бөлім 1-ге сілтеме </a>

Мынадай көрнекі мысал қарастырайық: Көшіріп алып блокнотқа қоямыз

<h1 > Мазмұны </h1> <br>
<a href="#razdel1"> Кімге арналған бұл кітап </a> <br>
<a href="#razdel2"> Кітаптың құрылымы </a><br>
<a href="#razdel3"> Оқулық бөлімдері </a><br>

<a href="#razdel4"> Бағдарлама тілі туралы</a><br>

<a href="#razdel1">Кімге арналған бұл кітап</a> <br>

<h2 id="razdel1"> Кімге арналған бұл кітап </h2>

<p> Бұл кітаптың оқушылары қарапайым адамдар, мектеп оқшылары, мүғалімдер, студентер, еңбектенуді қалайтын барлық адамдарға арналлған. Жұмысқа кіріспестен бұрын барлық керек-жарақты түгендеп алу керек ..... </p>

<h2 id="razdel2"> Кітаптың құрылымы </h2>

<p>Бұл кітапқа кіріскен кезде алдыма бірнеше мақсат қойдым. Біріншіден, мұндай үлкен жұмысы қалай оқушыға жеткізу керек, екіншіден осы кітапты пайдаланған адамдарға жол көрсету….</p>

<h2 id="razdel3"> Оқулық бөлімдері </h2>

<p> Оқулық төрт бөлімнен тұрады: Негізі, Анықтамалық материалдар, Тақырыптар…</p>

<h2 id="razdel4"> Оқулық бөлімдері </h2>

<p> Алғы сөз. Құттықтаулар. Бірнеше ай бойы оы кітапты жазуда компанияның жаңа жетістіктерін халыққа жеткізу бақытына ие болдым. Жасалған шаралар туралы… </p>


Баузердегі нәтиже:

Мазмұны


Кімге арналған бұл кітап
Кітаптың құрылымы
Оқулық бөлімдері
Бағдарлама тілі туралы
Кімге арналған бұл кітап

Кімге арналған бұл кітап

Бұл кітаптың оқушылары қарапайым адамдар, мектеп оқшылары, мүғалімдер, студентер, еңбектенуді қалайтын барлық адамдарға арналған. Жұмысқа кіріспестен бұрын барлық керек-жарақты түгендеп алу керек .....

Кітаптың құрылымы

Бұл кітапқа кіріскен кезде алдыма бірнеше мақсат қойдым. Біріншіден, мұндай үлкен жұмысы қалай оқушыға жеткізу керек, екіншіден осы кітапты пайдаланған адамдарға жол көрсету….

Оқулық бөлімдері

Оқулық төрт бөлімнен тұрады: Негізі, Анықтамалық материалдар, Тақырыптар…

Оқулық бөлімдері

Алғы сөз. Құттықтаулар. Бірнеше ай бойы оы кітапты жазуда компанияның жаңа жетістіктерін халыққа жеткізу бақытына ие болдым. Жасалған шаралар туралы…

Әрине, сайтқа да сілтеме жасауға болады:

<a href="mailto:admin@ sanasoft.kz "> sanasoft.kz админстрациясыны хат жазу </a>

Браузерде:

sanasoft.kz админстрациясыны хат жазу

Бұл жерде mailto сөзі және хат алушының емаил қолданылды. Сілтемені нұқыған кезде пошталық программа-клиент қосылады, өріске алушының аты жазылады.

Қосымша атрибуттер:

TARGET - html сілтеме жасалатын бетті ашуды көрсетеді. Әдепкіде ол сол терезеде ашылады. Жаңа терезеде ашқыңыз келсе, жазу керек target ="_blank".

TITLE – сілтеме тақырыбын көрсетеді.

Мысалды қараңыз:

<a href="http://www. karakoz.kz " target="_blank">
Бұл kara
koz.kz сайтына сілтеме, жаңа терезеде ашылады
</a>
<br> <br>
<a href="http://www.karakoz.kz" title="Сайт құру оқулығы ">
Бұл да саитқа karakoz.kz. Жақындағанда тақырып пайда болады.
</a>

Браузердегі нәтиже:

Бұл karakoz.kz сайтына сілтеме, жаңа терезеде ашылады

Бұл да саитқа karakoz.kz. Жақындағанда тақырып пайда болады.

Сілтеме түсін өзгертуге бола ма?

Әрине болады. Барлық құжатта сілтеме түсін өзгерту үшін, арнайы BODY элементінің атрибуты бар.

LINK – жай сілтеме түсі.

ALINK(Active Link) – белсенді сілтеме түсі (белсенділік оған нұқу кезін білдіреді)

VLINK(Visited Link) – сілтемелер болған түс

Барлық түстер оналтылық жүйеде RGB-мәндері арқылы немесе 16 базалық түс арқылы беріледі.

Мысалы еер құжатты ашу кезінде, body элементіне жазсақ:

<body link="red" vlink="green" alink="white">

Онда құжаттағы барлық сілтемелер қызғылт түске енеді, сілтемелер болғандары жасыл түске айналады ал сілтемені нұқу сәтінде ақ болады.

Ал егер қандай да бір жерде сілтеме басқа түс болу үшін, мысалы, бүкіл құжат бойынша қызыл, ал дәл осы жерде жасыл болу қалай жасалады?

Онда html сілтемесінің ішінде бізге таныс font элементіне түс атрибутын жазу керек:

<a href="http://www.karakoz.kz"><font color="black">Қара сілтеме</font></a>

Егер осылай жасасақ, онда сілтеме қара болады.

Қараңыз

Келесі - Бейнелермен жұмыс істеу
Алдыңғы – Мәтінмен жұмысты аяқтау

Сайт бойынша іздеу

Мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz