Сайтқа ену

Оқулықтар

CCC

Интернетке орналастыру

Матфизика есептерінің шешімдері

Қысқаша тақырыптарға шолу

Компьютерлік программа деп бір компьютерде орындалатын орындалатын бағдарламаны айтады. Бірақ Интернет пайда болысымен бір компьютерде жазылған бағдарламаны бұкіл жер жүзіне таратылған компьютерлерде орындау мүмкіндігі туды. Ондай мүмкіндікті Интернет тілі HTML (HyperText Markup Language) тілі туғызды. HTML тілі дегеніміз мәтіндерді жаппай белгілеуді айтады. Бұл белгілеулерді браузер деп аталатын арнайы бағдарлама оқиды да бүкіл жер жүзінің компьютерлеріне таратады және оны браузер терезесінде web бет ретінде ұсынады. Сайттағы әр парақ сол web бетке жатады.

HTML тілі статикалық web беттердің негізі болып табылады. Ол арқылы web беттегі мәтіндерді оқуға, суреттерді қарауға болады. Қазіргі кезде HTML тіліне қосымша CSS тілі (Стилдердің каскадты кестесі) бірге қолданылады. Бұл арқылы web беттер безендіріліп ұсынылады, көп жағдайда жұмыс автоматтандырылады және жұмыс жеңіл басқарылады. Бұл тіл де арнайы таңбаларен белгінеді, ол таңбаларды браузер ажыратып, соған сәйкес беттер безендіріліп ұсынылады. Қысқаша айтқанда CSS дизайндік қызмет атқарады.

Бұдан басқа статикалық беттерді интерактивті беттерге айналдыратын программалар болады. Ол программалар арқылы деректер енізуге, сұрақтар қойып, оған жауап алуға тағы басқа әртүрлі әрекеттерді алуға болады. Бұған жататын ең танымал программалар JavaScript және Java тілдері жатады. Бұл программалар аттары ұқсап тұрғанымен, мүлдем бөлек программалар. Қазіргі кезде интернет технологиясында осы бағыттар қатты даму үстінде. JavaScript және Java тілдерінде жазылған электрондық оқулықтар, жай оқулықтар өте көп. Солай болғанымен бұл облыстардың бір жүйеге келуіне әлі талай уақыт керек болатын сияқты.

Бағдарлама құрудың Интернет технологиясында браузер бағдарламалары негізгі роль атқарады. Қазіргі кезде жиі қолданылатын браузерлерге жататындар: Internet Explorer, Chorme, Opera, Safari, Firefox, Android, jOS. Бұл браузерлер арасында бірі бірін түсінбеушіліктер кезедесіп жатады. Қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша 90% Internet Explorer қолданылады.

Информатикабұл үлкен өз алдына жеке оқулық-бағдарлама. Мұнда Delphi және Visual Basic 6 және FrontPage бағдарламалары оқытылады. Соңғы программа бағдарлама жасаудың Интернеттің технологиясын оқытуға арналған. Бұларды оқу үшін Сіздің компьютерде осы аталған программалар болуы керек. Бұл программалардың жаңа үлгілерінің құны аса қымбат тұрады. Ал ескі үлгілерін интернеттен алуға болады. Ескі үлгілері халық арасында көп сияқты. Әдетте олар ақысыз болады. Бізде мектептерде Турбо Паскаль 7оқытылады. Информатика оқулығы оны оқытуға да жарайды. Оқулық құрамында аса көп есептер берілген. Олардың көшілігіне Турбо Паскаль 7 бағдарламасын пайдалануға болады. Информатика оқулығы программа жасау облысының барлығын қамтиды және оның құрамында өзіндік редактор де бар. Бұл оқулық-программа мектептерге, вуздарға шартты бағаға ұсынылады.

Математика – бұл да үлкен өз алдына жеке оқулық-бағдарлама. Мұнда математиканың бүкіл бөлімдері қамталған деп айтуға болады. 2-3 ғасыр бойы дұрыс шығарылмай келген матфизикаға қатысты есептердің көпшілігінің шешімдері осында берілді. Оқулықтың аты математика болғанымен ол негізінде программирование облысын меңгеруге арналған. Математика мен Информатика методика жағынан алғанда бір-біріне жақын пәндер. Сондықтан жас математиктер Информатиканы оңай меңгереді деп есептеймін, тек ол жалқау болмаса болды. Мұндағы программаларды оқып, түсінуге Информатика пәнінің алғашқы тарауларын оқу жеткілікті болады. Мұның құрамында да өзіндік редактор бар. Бұл оқулық-программа вуздарға шартты бағаға ұсынылады.

Сайт бойынша іздеу

Домен мазмұны

Copyright © 2015 Матаев Саркытбек | Интернеттік бағдарламалар мен математика жетістіктерін жариялауға арналған сайт – www.karakoz.kz